Қарқара өзенінің су ресурстарын пайдалану мәселесі жөнінде шешімдер әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 177-ө Өкімі

      Қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысының 2009 жылғы 16 маусымдағы хаттамасының 3.7-тармағына сәйкес және Қарқара өзенінің су ресурстарын пайдалану мәселесі бойынша шешімдер әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобының қазақстандық бөлігі құрылсын:

Орман                     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Анарбек Оңғарұлы            министрлігінің Су ресурстары комитеті
                            төрағасының міндетін атқарушы, жетекші

Сейтімбетов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Дәулетияр Сахидоллаұлы      министрлігінің Су ресурстары комитеті
                            төрағасының орынбасары, жетекшінің
                            орынбасары

Жиенбаев                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Мүсілім Рысмаханұлы         министрлігінің Су ресурстары комитеті су
                            ресурстарын пайдалануды және қорғауды
                            реттеу басқармасының бас сарапшысы, хатшы

Әбішев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айдар Жолбарысұлы           министрінің кеңесшісі

Қашқымбаева               - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Гүлмира Мұхаммедиқызы       қорғау министрлігі Экологиялық реттеу
                            және бақылау комитетінің бас сарапшысы

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Есболат Бектұрсынұлы        комитетінің Шекара қызметі Заң
                            басқармасының консультанты (келісім
                            бойынша)

Нұрсадықов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Дархан Қуанышұлы            министрлігі Орталық Азия департаментінің
                            екінші хатшысы

Босжігітов                - «Қазқуат» акционерлік қоғамы жобаны
Жандос Ерсайынұлы           техникалық сараптау басқармасының бастығы
                            (келісім бойынша)

Қантаев                   - «Мойнақ су электр станциясы» акционерлік
Оразалы Дәулетиярұлы        қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобының қазақстандық бөлігі мемлекетаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Қарқара өзенінің су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесін бірлесіп қарағаннан кейін екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныстар енгізсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады