2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) 2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.08.03 № 107-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және тоқсан сайын, есепті айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.08.03 № 107-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдың 10-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.08.03 № 107-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 12-ө өкімімен
бекітілген
2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылын дайындау және
өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
РҚАО-ның ескертпесі!
Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.08.03 № 107-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі, төраға
Бердалиев - Қазақстан Республикасының Корея
Дархан Әлиұлы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті
Елшісі
Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Елжан Амантайұлы сақтау вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Бауыржан Жұмаханұлы ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат
комитетінің төрағасы
Қараев - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Жауымбай Амантұрлыұлы
Әбілдинова - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Әлия Сапабекқызы ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті
төрағасының орынбасары
Досанов - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ардақ Ермағамбетұлы сауда министрлігі Инвестиция комитеті
төрағасының орынбасары
Брагин - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Александр Геннадьевич ортаны қорғау министрлігі Құқықтық
қамтамасыз ету және халықаралық
ынтымақтастық департаментінің
директоры
Елеусізова - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Құралай Болатқызы және байланыс агенттігі Ақпараттық
технологиялар департаментінің
директоры
Қамзебаева - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дариға Үсейінқызы спорт министрлігі Туризмді, спортты
дамыту және халықаралық
ынтымақтастық департаментінің
директоры
Құрманғожин - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рүстем Сәлімұлы министрлігі Азия және Африка
департаментінің директоры
Елеусіз - Алматы облысының әкімдігі мәдениет
Жанпейісұлы басқармасының бастығы
Қорғамбаев - Астана қаласының әкімдігі туризм,
Айталап Қалабайұлы дене тәрбиесі және спорт басқармасының
бастығы
Көлбаев - Алматы қаласының әкімдігі мәдениет
Қайрат Рахымжанұлы басқармасының бастығы
Ержанов - Қазақстан Республикасы Білім және
Бақыт Ахметұлы ғылым министрлігі «Республикалық
техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың және біліктілікті берудің
ғылыми-әдістемелік орталығы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры
Жданова - Қазақстан Республикасы Сауда
Татьяна Викторовна өнеркәсіптік палатасының вице-президенті
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 25 қаңтардағы
№ 12-ө өкімімен
бекітілген
2010 жылы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылын өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
РҚАО-ның ескертпесі!
Жоспарға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Премьер-Министрінің 2010.08.03 № 107-ө Өкімімен (жариялануға жатпайды).
р/с |
Іс-шараның атауы |
Өткізу уақыты мен орны |
Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|
1. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Президенттері |
||||
1. |
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылының салтанатты ашылуы және жабылуы |
Сеул қаласы, 2010 жылғы 1 және 4-тоқсан |
МАМ |
МАМ қаражаты 011 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 120115 мың теңге |
2. Орталық мемлекеттік органдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар |
||||
2. |
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Президенттерінің «Қазақстан аллеясында» ағаштар отырғызуы |
Сеул қаласы, 2010 жылғы 1-тоқсан |
СІМ, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі |
Талап етілмейді |
3. |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Корея Республикасы Әділет министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою |
Сеул қаласы, 2010 жылғы 1-тоқсан |
Әділетмині |
СІМ 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
4. |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Қоршаған ортаны министрлігі арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын келісу |
2010 жыл бойы |
Қоршағанортамині |
Талап етілмейді |
5. |
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және орнықты дамыту саласындағы мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
Қоршағанортамині |
Шығыстар шақырушы тарап есебінен |
6. |
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы шеңберінде сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің көрмелерін ұйымдастыру |
Сеул қаласы, 2010 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
МАМ |
МАМ қаражаты 001 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 19195 мың теңге |
7. |
Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының гастрольдерін өткізу |
Пусан қаласы, 2010 жылғы 1-жарты жылдық бойы |
МАМ |
МАМ қаражаты 001 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 38722 мың теңге |
8. |
Оңтүстік Кореядағы Қазақстан киносының күндерін өткізу |
Сеул қаласы, 2010 жылғы 2-жарты жылдық бойы |
МАМ |
МАМ қаражаты 001 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 16450 мың теңге |
9. |
Қазақстан-корея мәдени ынтымақтастық комиссиясының отырысын өткізу |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
МАМ |
СІМ қаражаты 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
10. |
Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіптерінің халықаралық фестиваль-конкурсына қатысу (дәнекерлеушілер, аспазшылар, ағаш шеберлері, тас қалаушылар, сылақшылар және т.б.) (республикалық конкурстардың жеңімпаздары) |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
БҒМ |
БҒМ қаражаты 010 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, курстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 млн. теңге |
11. |
Қазақстандық делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары: Кореяның ірі медициналық орталықтарымен танысу; «Енсе» Корея университетіне сапар |
Оңтүстік Корея, 2010 жылғы мамыр-маусым |
ДСМ |
СІМ қаражаты 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
12. |
Екі жақты қарым-қатынастарды кеңінен ақпараттық жариялау |
2010 жыл бойы |
МАМ |
МАМ 025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
13. |
Қазақстан-Корея бизнес форумын ұйымдастыру және өткізу |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
ИСМ |
ИСМ қаражаты 001 «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
14. |
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің КОТҒА жыл сайынғы туристік көрмесіне қатысуы (Оңтүстік Корея) |
Сеул қаласы, 2010 жылғы маусым |
ТСМ |
ТСМ қаражаты 011 «Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 11397 мың теңге |
15. |
Спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысу |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
ТСМ |
ТСМ қаражаты 012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 40908 мың теңге |
16. |
«Электронды үкіметті» дамыту саласында тәжірибе алмасу |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
АБА |
СІМ 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
3. Өзге де ұйымдар деңгейінде өткізілетін іс-шаралар |
||||
17. |
Қазақстан-корея іскерлік кеңесін ұйымдастыру және өткізу |
Сеул қаласы, 2010 жылғы наурыз |
СӨП (келісім бойынша), Корея Республикасының СӨП (келісім бойынша) және Корея өнеркәсіпшілерінің федерациясы (келісім бойынша) |
СӨП (келісім бойынша), Корея Республикасының СӨП (келісім бойынша) және Корея өнеркәсіпшілері федерациясының (келісім бойынша) қаражаты |
4. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде өткізілетін |
||||
Астана қаласының әкімдігі |
||||
18. |
Астана қаласы спортшыларының 2010 жылы Корея Республикасында өткізілетін халықаралық жарыстарға қатысуы |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
Астана қаласының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
Алматы қаласының әкімдігі |
||||
19. |
Пусан қаласындағы Алматы қаласының Мәдениет күндерін өткізу: |
Пусан қаласы, 2010 жылғы маусым |
Алматы қаласының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
Алматы облысының әкімдігі |
||||
20. |
Алматы облысының әкімі бастаған делегацияның Корея Республикасының Кенги провинциясына сапары |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
Алматы облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
21. |
Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясы эстрада әншілерінің, «Ачимноуль» халықтық ансамблінің қатысуымен концерт ұйымдастыру |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
Алматы облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
22. |
Оңтүстік Кореяда Алматы облыстық Б. Римова атындағы театрдың қойылымын ұйымдастыру |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
Алматы облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
23. |
Қазақ халқының қолданбалы шығармашылығының, үздік суретшілер туындыларының көрмесін ұйымдастыру |
Оңтүстік Корея, 2010 жыл бойы |
Алматы облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
||||
24. |
"Ақжарма" фольклорлық ансамблінің концертін өткізу |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
25. |
«Маңғыстау - ашық аспан астындағы мұражай» тақырыбына жылжымалы көрме ұйымдастыру |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
26. |
Облыстық тарихи өлке тану мұражайының зергерлік өнер көрмесін ұйымдастыру |
Сеул қаласы, 2010 жыл бойы |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Жергілікті бюджет |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
СӨП - Қазақстан Республикасы Сауда өнеркәсіптік палатасы