Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастығын нығайту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө Өкімі

      Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (бұдан әрі - АӨСШК) гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастығын нығайту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Телебаев            - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы     вице-министрі, жетекші

Нұрғазиева          - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бану Ғаниқызы         министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс
                      департаментінің директоры,
                      жетекшінің орынбасары

Алпысбеков          - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Бернат Қанатұлы       министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс
                      департаменті қоғамдық-саяси жұмыс
                      басқармасының бастығы, хатшы

Бәкішев             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Дулат Хангерейұлы     министрлігінің Ерекше тапсырмалар
                      жөніндегі елшісі

Арпабаев            - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Бек Кәрімбекұлы       ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                      мұрағат комитеті төрағасының орынбасары

Кәрібжанова         - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Роза Сәмидоллақызы    министрлігінің Мәдениет комитеті
                      төрағасының орынбасары

Қоңырбаева          - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алма Уәлиханқызы      министрлігінің Халықаралық ақпарат
                      комитеті төрағасының орынбасары

Қожахмет            - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мадияр Дүйсенбайұлы   министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар
                      саясаты департаментінің директоры

      2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде АӨСШК гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастығын нығайту мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады