Сумен қамтамасыз етілу мен суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту мақсатында:
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері 2010 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық меншікке түскен иесіз су шаруашылығы және гидромелиоративтік объектілерді есепке алу мен тану жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат берсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргізілетін жұмыс туралы жиынтық ақпарат берсін.
3. Осы өкімінің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов