Қазақстан Республикасын технологиялық дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы N 25-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасын технологиялық дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Исекешев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы              сауда министрі, жетекші

Раев                       - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Нұрбек Тұрарбекұлы           сауда вице-министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Әміреев                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ғалым Махмұтбайұлы           сауда министрлігі Инновациялық саясат
                             департаментінің директоры, хатшы

Бектұров                   - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы               коммуникация вице-министрі

Біртанов                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Елжан Амантайұлы             сақтау вице-министрі

Евниев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы              шаруашылығы вице-министрі

Жақыпов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Айдар Бексұлтанұлы           ғылым вице-министрі

Қиынов                     - Қазақстан Республикасының Энергетика
Ләззат Кетебайұлы            және минералдық ресурстар вице-министрі

Құсайынов                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы             бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Телебаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ғазиз Тұрысбекұлы            ақпарат вице-министрі

Тұрмағамбетов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәжит Әбдіқалықұлы           ортаны қорғау вице-министрі

Шолпанқұлов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы           вице-министрі

Маханбетәжиев              - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Батыр Әпенұлы                және байланыс агенттігінің жауапты
                             хатшысы

Молдабеков                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы         агенттігі төрағасының орынбасары

Бектұрғанов                - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы             холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                             төрағасы (келісім бойынша)

Жұрынов                    - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым
Мұрат Жұрынұлы               академиясы» республикалық қоғамдық
                             бірлестігінің президенті (келісім
                             бойынша)

Құлсейітов                 - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Айдын Жеңісұлы               қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                             бойынша)

Сәрінжіпов                 - «Астананың жаңа университеті»
Аслан Бәкенұлы               акционерлік қоғамының президенті
                             (келісім бойынша)

Әбішев                     - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Жандос Жантөреұлы            акционерлік қоғамының тау-кен өнеркәсіп
                             активтерін басқару жөніндегі директоры
                             (келісім бойынша)

Ысқақов                    - «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі
Диас Жұмағазыұлы             шектеулі серіктестігінің басқарушы
                             директоры (келісім бойынша)

Малелов                    - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Нұрлыбек Төлебайұлы          акционерлік қоғамының басқарушы
                             директоры (келісім бойынша).

       2. Жұмыс тобы:
      1) 2010 жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының құрамдас бөлігі ретінде көздей отырып, Қазақстанның басым салалары бойынша 5 және 10 жылға арналған елдің нақты технологиялық міндеттері бар салааралық технологиялық жоспары бойынша;
      2) 2010 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде шетелдік инвесторлардың Астана қаласының жаңа халықаралық университетімен ынтымақтастығының параметрлерін айқындау бойынша, оның ішінде тапсырыстарды қалыптастыру, инженерлік-техникалық бейінді мамандар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, университет жанындағы мамандандырылған қорды қаржыландыру мәселелері бойынша;
      3) 2010 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде шетелдік инвесторлардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен Ақтау қаласында Каспий энергетикалық хабын құру жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастығы мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                                К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады