Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілінің, Йорк Герцогінің, ханзада Эндрюдің Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 54-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі (бұдан әрі - Ұлыбритания) арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Ұлыбританияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілінің, Йорк Герцогінің, ханзада Эндрюдің 2010 жылғы 16 - 22 сәуір кезеңінде Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында.
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
      1) қосымшаға сәйкес Ұлыбритания делегациясының мүшелеріне «1+1» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2) сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлыбританияның делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Ұлыбритания делегациясы арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана, Алматы және Атырау қалаларының әуежайларына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана, Алматы және Атырау қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      7. Астана, Алматы қалаларының және Атырау облысының әкімдіктері Ұлыбритания делегациясын Астана, Алматы және Атырау қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 16 сәуірдегі
№ 54-ө өкіміне    
қосымша       

Ұлыбритания делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету
жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ұлыбритания делегациясының мүшелерін «1+1» форматы бойынша және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларының қонақ үйлерінде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Ұлыбританияның делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Астана қаласында Ұлыбританияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілінің, Йорк Герцогінің, ханзада Эндрюдің құрметіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің атынан қабылдау ұйымдастыру.
      5. Ұлыбритания делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Ұлыбритания делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ұлыбритания делегациясының мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады