"International Herald Tribune" 4-ші халықаралық инвестициялық саммитіне дайындық және оны өткізу мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 68-ө Өкімі

      Алматы қаласында 2010 жылғы 3-4 маусым кезеңінде «International Herald Tribune» 4-ші халықаралық инвестициялық саммитін тиімді ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «International Herald Tribune» 4-ші халықаралық инвестициялық саммитіне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
      2) «International Herald Tribune» 4-ші халықаралық инвестициялық саммитіне дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 68-ө өкімімен   
бекітілген     

«International Herald Tribune» 4-ші халықаралық инвестициялық
саммитіне дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы

Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары - Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар
                           министрі, төраға

Камалиев                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Берік Сайлауұлы            жаңа технологиялар вице-министрі,
                           төрағаның орынбасары

Жақсылықов               - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Тимур Мекешұлы             технологиялар министрлігі Инвестиция
                           комитетінің төрағасы, хатшы

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы          көмекшісі (келісім бойынша)

Баймағанбетов            - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы            министрі

Досмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы       спорт министрі

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы            министрі

Күрішбаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы         министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы      коммуникация министрі

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы        министрі

Түймебаев                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы       министрі

Әбіқаев                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Нұртай Әбіқайұлы           министрінің бірінші орынбасары

Есімов                   - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Айдарбеков               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Кенғанұлы            Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму
                           бөлімінің меңгерушісі

Келімбетов               - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-әуқат қоры»
Қайрат Нематұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Қожасбай                 - Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының
Ерлан Сәдуақасұлы          президенті (келісім бойынша)

Мамытбеков               - «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы         акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

Перуашев                 - «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы           экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                           бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім
                           бойынша)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 14 мамырдағы
№ 68-ө өкімімен   
бекітілген     

«International Herald Tribune» 4-ші халықаралық инвестициялық
саммитіне дайындық және оны өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

Қаржыландыру көздері

Болжалды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Кездесуді ұйымдастыру және шетел VІР-қонақтарын Алматы қаласы әуежайының VІР-залы арқылы өткізу (тегін)

2010 жылғы мамыр - маусым

Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласының халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

-

-

2.

Саммитті өткізу үшін қажетті жабдықтарды, ақпараттық материалдарды жедел кедендік рәсімдеуді қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі

-

-

3.

Саммиттің делегация мүшелеріне шекаралық және кедендік бақылауды қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті



4.

Шетелдік делегаттарға визалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

-

-

5.

Делегаттарды уақытша тіркеуді қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

-

-

6.

Саммит іс-шараларын өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету және маршрут бойынша ілесіп жүру

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі

-

-

7.

Алматы қаласының әуежайынан Саммит өтетін орынға дейін тақырыптық сыртқы безендіруді қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Алматы қаласының әкімдігі

-

-

8.

Бұқаралық ақпарат құралдарында (Алматы қаласында сыртқы жарнама, теледидарда жарнамалық роликтердің орнын ауыстыру, бұқаралық ақпарат құралдар басылымдарында Саммиттің аңдатпасын орналастыру) ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі

-

-

9.

Іс-шараларды өткізу орындарын абаттандыру және санитарлық тазалауды қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Алматы қаласының әкімдігі

-

-

10.

Саммит іс-шараларын өткізу орындарында жедел жәрдем көлігінің кезекшілігін қамтамасыз ету

2010 жылғы мамыр - маусым

Алматы қаласының әкімдігі

-

-

11.

Алматы қаласында Саммитті өткізу кезінде жоғарғы оқу орындары студенттерінің қатарынан ауызша/жазбаша аудармасында ағылшын тілін білетін 40 еріктілердің қатысуын қамтамасыз ету

2010 жылғы
3-4 маусым

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

-

-

12.

Мемлекет басшысының қатысуымен Алматы қаласы әкімінің атынан Саммит делегаттары мен қонақтарына (450 адам) салтанатты қабылдауды ұйымдастыру (концерттік бағдарлама, фуршет/банкет)

2010 жылғы 3 маусымда
сағат 19.00-де

Алматы қаласының әкімдігі

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады