"Шар - Өскемен темір жол желісін салу" жобасын іске асырудың проблемалық мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 124-ө Өкімі

      «Шар - Өскемен темір жол желісін салу» жобасын іске асырудың проблемалық мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы           коммуникация вице-министрі, жетекші

Нүркенов               - Қазақстан Республикасы Көлік және
Қайриден Қамашұлы        коммуникация министрлігінің Көлік және
                         қатынас жолдары комитеті төрағасының
                         орынбасары, жетекшінің орынбасары

Мейірбеков             - Қазақстан Республикасы Көлік және
Еркін Нұрмаханбетұлы     коммуникация министрлігінің Көлік және
                         қатынас жолдары комитеті темір жол
                         инфрақұрылымдық жобалар басқармасының
                         бастығы, хатшы

Алдамберген            - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Алина Өтемісқызы         және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                         агенттігі төрағасының орынбасары (келісім
                         бойынша)

Карплюк                - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Сергей Алексеевич        технологиялар министрлігінің Инвестициялар
                         комитеті төрағасының орынбасары

Тұрышова               - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Дәрібала Ақылтайқызы     үй-коммуналдық шаруашылық істері
                         агенттігінің Саулет, жобалық жұмыстар және
                         сметалық нормалар департаментінің директоры

Шайкин                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Ғабит Ноянұлы            және сауда министрлігінің Инвестициялық
                         саясат департаменті директорының орынбасары

Исенов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Амангелді Сағандықұлы    Мемлекеттік активтерді басқаруды жоспарлау
                         және оның әдіснамасы, бюджеттік кредит беру,
                         тиісті бюджеттік бағдарламаларды талдау және
                         бағалау департаменті директорының орынбасары

Сәнкүбаев              - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Алтынбек Бөріұлы         Заңға тәуелді актілер департаменті қорғаныс,
                         құқықтық тәртіп, көлік, телекоммуникациялар
                         және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
                         бойынша заңға тәуелді актілерді сараптау
                         басқармасының бастығы

Төлебаев               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Бекболат Бекежанұлы      Мемлекеттік активтерді басқаруды жоспарлау
                         және оның әдіснамасы, бюджеттік кредит беру,
                         тиісті бюджеттік бағдарламаларды талдау және
                         бағалау департаменті заңды тұлғалардың
                         жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы
                         арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау
                         және талдау басқармасының бастығы

Ережепов               - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Бірлік Бекмырзаұлы       үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
                         «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік
                         кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Тілебалдинов           - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік
Қайрат Рахатұлы          әріптестігі орталығы» акционерлік қоғамының
                         басқарма төрағасының міндетін атқарушы
                         (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Шар - Өскемен темір жол желісін салу» жобасын іске асырудың проблемалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                              К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады