"Бейбіт миссия - 2010" оқу-жаттығуын өткізу жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 128-ө Өкімі

      2010 жылғы 9 - 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі - ШЫҰ) мүше мемлекеттердің «Бейбіт миссия - 2010» бірлескен әскери терроризмге қарсы оқу-жаттығуын (бұдан әрі - оқу-жаттығу) өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
      1) әскери құралымдарды тарта отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Мәтібұлақ» жауынгерлік даярлық және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында (Жамбыл облысы Гвардейск кенті) оқу-жаттығуды дайындауды және оны өткізуді;
      2) 2010 жылғы 22 - 25 қыркүйек кезеңінде 1+5 форматында ресми шетел делегациялары мүшелерінің тұруын, ресми қабылдауларды, кофе-брейктерді, кәдесый өнімдерін сатып алуды, өкілдік сыныптағы көлікті жалға алуды 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 013  «Сыртқы саяси мүдделерді қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсынған жеке құрамның атаулы тізімдері бойынша әскери құралымдардың жеке құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
      1) оқу-жаттығу өтетін ауданға және кері әскери құралымдардың жеке құрамын және әскери мүлкін тасымалдауды;
      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, оқу-жаттығу өтетін ауданға және кері әскери құралымдардың әскери мүлкі бар ШЫҰ мемлекеттік әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшып өтуін және қарулы күштері автомобиль көлігінің жүріп өтуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу-жаттығу өтетін орындарда қоғамдық тәртіпті және олар оқу-жаттығудың міндеттерін орындау кезінде әскери құралымдар әскери техникасы лектерінің еркін жүріп өтуін қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі оқу-жаттығу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Жамбыл облысының әкімдігі:
      1) 2010 жылғы 24 - 25 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тамақтандыруды;
      2) делегацияларға автокөлік қызметін көрсетуді (4 шағын автобус);
      3)  Отар және Шілбастау темір жол станцияларының, станциялардан «Мәтібұлақ» полигонына дейінгі автомобиль жолдарының техникалық дайындығын қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады