"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 10-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 3 ақпандағы
№ 10-ө өкімімен 
бекітілген   

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), Қаржымині,
ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

2.

Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), Қаржымині,
БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

3.

Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

4.

Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), Қаржымині,
ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

5.

Темір жол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

6.

Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

7.

Темір жол көлігімен почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), БАМ

2011 жылғы сәуір

8.

Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, БҚА,
ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

9.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) - сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау),
БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

10.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, ІІМ

2011 жылғы сәуір

11.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

12.

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, АШМ

2011 жылғы сәуір

13.

Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

14.

Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), БҚА, ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

15.

Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзуі мен тұрақта тұруы қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

16.

Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу нысаны мен оны жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

17.

Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

18.

Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

19.

Теңіз көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидасын және Теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

20.

Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), Қаржымині, БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

21.

Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

22.

Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрі одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

23.

Ішкі су көлігінде жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

24.

Ішкі су көлігінде қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ

2011 жылғы сәуір

25.

Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

26.

Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

27.

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобуспен, шағын автобуспен тасымалдауды лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ЭДСМ

2011 жылғы наурыз

28.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

29.

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

30.

Кемелердегі авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

31.

Кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

32.

Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

33.

Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

34.

Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

35.

Біліктілік комиссиялары туралы қағиданы, Кемелердің командалық құрамының адамдарына және басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

36.

Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

37.

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

38.

Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы мамыр

39.

Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

40.

Шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

41.

Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

42.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы наурыз

43.

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), Қаржымині, БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

44.

Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекмині

2011 жылғы ақпан

45.

Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдаланудың қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ДСМ, ТЖМ, ИЖТМ, ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы сәуір

46.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2011 жылғы сәуір

47.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2011 жылғы сәуір

48.

Темір жолдарды сыныптау тәртібін бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

49.

Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимылы қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

50.

Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), ТМРА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

51.

Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

52.

Темір жол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

53.

Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

54.

Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

55.

Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

56.

Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

57.

Поездар қозғалысына тікелей байланысты темір жол көлігі қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс уақытын есепке алу ерекшеліктері туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), Еңбекмині

2011 жылғы сәуір

58.

Поездар қозғалысына байланысты терминдерді бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

59.

Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы есепке алуды жүргізу мен есептілікті беру және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы қағиданы бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

60.

Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

61.

Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін бекіту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), ДСМ

2011 жылғы мамыр

62.

Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), Еңбекмині

2011 жылғы мамыр

63.

Теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), Еңбекмині

2011 жылғы мамыр

64.

Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

65.

Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

66.

Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

67.

Ішкі суларда жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

68.

Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

69.

Пайдаланылған кемелердің элементтерін қолдана отырып ішкі және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер жасау жөніндегі қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

70.

Ішкі және аралас «өзен-теңіз» жүзу кемелерін сыныптау қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

71.

Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

72.

Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

73.

Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

74.

Теңіз кемелерінің жүк маркалары туралы қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

75.

Кемелерді жасау және материалдар мен бұйымдарды дайындауға техникалық бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

76.

Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

77.

Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарын кеме қатынасына пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

78.

Мемлекеттік кеме тізілімінің, Жалға беретін шетел кеме тізілімінің және кеме кітабының нысанын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы наурыз

79.

Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), БҚА (келісім бойынша)

2011 жылғы наурыз

80.

Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы наурыз

81.

Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының  жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы сәуір

82.

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезіндегі орындалатын жұмыс түрлерін сыныптауды бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

83.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, темір жол көлігімен тасымалданатын жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі Қазақстан Республикасының кедендік органдары мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы

Бірлескен бұйрық

ККМ (жинақтау), Қаржымині

2011 жылғы мамыр

84.

Экспедиторлар қызметін ұсыну қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы наурыз

85.

Вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы наурыз

86.

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы мамыр

87.

«Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

ІІМ

2011 жылғы сәуір

88.

«Көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережесін және Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

ІІМ

2011 жылғы сәуір

89.

«Порт капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 маусымдағы № 216-1 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы ақпан

90.

«Порт капитаны кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, порттағы қызметті ұйымдастыру мен реттеу мақсатында кемелерді қадағалауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 234-І бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады