Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша "Bnews" сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отырыстарының кестесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 18-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру бойынша «Bnews» сайтындағы үкіметтік баспасөз клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отырыстарының кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар және ұйымдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов 

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 15 ақпандағы
№ 18-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын
түсіндіру бойынша «Bnews» сайтындағы үкіметтік баспасөз
клубының конференцияларындағы орталық мемлекеттік органдардың
бірінші басшылары отырыстарының кестесі
(іске асыру мерзімі: 2011 жылғы ақпан-желтоқсан)

Спикер

Сөз сөйлеу тақырыбы

Өткізу мерзімі

1

2

3

4

1.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі С.З. Қайырбекова

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы (бұдан әрі – Жолдау) негізгі басымдықтары

2011 жылғы ақпан

2.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы С.К. Нокин

Жолдаудың негізгі басымдықтары

2011 жылғы ақпан

3.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов

Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру

2011 жылғы ақпан

4.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Н. Әбдіқалықова

Жұмыспен қамту және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары

2011 жылғы наурыз

5.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жәмішев

Мемлекеттік қызметтер

2011 жылғы наурыз

6.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Ө. Өзібеков


Жолдауы аясындағы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің міндеттері 

2011 жылғы наурыз

7.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.С. Әшімов

Жолдаудың экологиялық аспектілері

2011 жылғы сәуір

8.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев

Ғарыш саласының даму перспективалары


2011 жылғы сәуір

9.

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі С.М. Мыңбаев

Мұнай және газ саласындағы инвестициялық жобалар

2011 жылғы сәуір

10.

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаев

Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіру

2011 жылғы сәуір

11.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.С. Хасенов

Жолдаудағы аграрлық саланың алдына қойылған міндеттер

2011 жылғы мамыр

12.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Н.Ш. Алдабергенов

Электр энергиясын және суды үнемдеу – уақыт талабы

2011 жылғы маусым

13.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулинич

Құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде ішкі істер органдарының қызметі мен қылмыстық заңнаманы жетілдіру

2011 жылғы тамыз

14.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы М.Т. Есенбаев

Бәсекелестік Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының индустриялық-инновациялық деңгейін арттыру факторы ретінде

2011 жылғы тамыз

15.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау мен реттеу агенттігінің төрайымы Е.Л. Бахмутова

Қазақстан Республикасында микрокредиттеу жүйесін одан әрі дамыту

2011 жылғы тамыз

16.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.С. Мамытбеков

Мал шаруашылығын дамыту

2011 жылғы тамыз

17.

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі А.Қ. Құсайынов

Көлік-коммуникация кешенінде Жолдаудың негізгі ережесін іске асыру туралы

2011 жылғы қыркүйек

18.

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі М.А. Құл-Мұхаммед

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

2011 жылғы қыркүйек

19.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко

Қазақстан халқының бірлігі – мемлекеттің тұрақтылық пен халықты техногендік және табиғи апаттардан қорғау кепілі

2011 жылғы қыркүйек

20.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Қ.М. Әйтекенов

Жолдауда көрсетілген міндеттердің 2011 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша іске асырылуы туралы

2011 жылғы қыркүйек

21.

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ж.С. Айтжанова

Кәсіпкерліктің дамуы үшін рұқсат беру жүйесін жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмыс

2011 жылғы қазан

22.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Т.М. Досмұхамбетов

Жолдаудың негізгі басымдықтары

2011 жылғы қазан

23.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешев

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы

2011 жылғы қараша

24.

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиев

Байланыс және ақпарат салаларының өзара іс-қимылының жетістіктері мен перспективалары

2011 жылғы желтоқсан

25.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Н.Ш. Алдабергенов

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және тарифтік реттеу

2011 жылғы желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады