"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 37-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 25 наурыздағы
№ 37-ө өкімімен   
бекітілген     

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 18 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, ММ, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

2.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

3.

Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, ММ, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

4.

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА

2011

жылғы наурыз

5.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

6.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, ММ, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

7.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

8.

Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА

2011 жылғы наурыз

9.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА, БҚА

2011 жылғы наурыз

10.

Ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ (жинақтау), Қаржымині, АШМ, ИЖТМ, ДСМ, MM, ҰҒА, БҚА

2011 жылғы наурыз

11.

«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы наурыз

12.

Ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ережені бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

13.

Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

14.

Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

15.

Ғылыми дәрежелерді беру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

16.

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

17.

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

18.

Ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің пайдалану қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2011 жылғы наурыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады