2011 жылғы 30 наурыз - 1 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының орта мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» атты дипломын алуға республикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) ұйымдастыру және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
1) Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Конкурс дипломанттары атақтарын беру жөнінде комиссия құрсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, орта мектеп оқушыларының шығармашылық туындыларын жинақтауды және оларды Комиссияның қарауына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Конкурстың өткізілуін бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді, оның ішінде Конкурс дипломанттарының тізімін жариялауды ұйымдастырсын.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов