"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 51-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 19 сәуірдегі
№ 51-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін
мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қоғамдық қадағалау комиссияларын құру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2011 жылғы мамыр

2

Алкогольге, есірткіге және басқа да психобелсенді заттарға тәуелділікпен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдарға жіберуге кедергі келтіретін медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2011 жылғы мамыр

3

Наркологиялық ұйымда мәжбүрлеп емдеуде жатқан алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды тамақтандыру, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2011 жылғы мамыр

4

Арнайы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2011 жылғы мамыр

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ, ДСМ, Әділетмині, Еңбекмині

2011 жылғы мамыр

6

Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату және арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

IІM

2011 жылғы мамыр

7

Жеке тұлғаны анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізу қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ІІМ, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы мамыр

8

Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ

2011 жылғы мамыр

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады