EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – көрме) өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Көрме Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Көрмені өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі 2011 – 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
2) Көрмені өткізу құқығына Астана қаласының өтінім мәліметін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi есепті кезеңнің соңғы айының 30 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне көрсетілген іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 21 сәуірдегі
№ 53-ө өкімімен
бекітілген
EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткізу
құқығына Астана қаласының өтінімін жылжыту және ілгерілету
жөніндегі 2011 – 2012 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты мемлекеттiк орган |
Орындалу мерзiмi |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйымдастыру сипатындағы іс-шаралар |
|||||
1. |
ҚР мемлекеттiк органдарының кадр құрамы мен құрылымының өзгерістерін ескере отырып, жұмыс штабтарының құрамдарын жаңарту |
Бұйрықтар және өкімдер |
ЭДСМ, СІМ, БҒМ, ИЖТМ, Қаржымині, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
2. |
Өтінім мәліметі аясындағы жұмысты қоса алғанда, штабтар жұмысының 2011 – 2012 жылдарға арналған жоспарларын әзірлеу |
Бұйрықтар және өкімдер |
ЭДСМ, СІМ, БҒМ, Қаржымині, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
3. |
EXPO – 2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбының мәселелері бойынша жұмыс тобын құру |
Бірлескен бұйрық |
ИЖТМ, БҒМ |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
4. |
ЭДСМ-нен ХКБ-ға делегаттар тағайындау |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
5. |
ҚР мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарына ықпалдасу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ |
2011 жылғы II тоқсаннан бастап, тоқсан сайын |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
6. |
Республикалық және халықаралық БАҚ-та EXPO – 2017 бойынша өткiзiлетiн барлық іс-шараларды жария ету. Баспасөз мониторингі |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
БАМ, СІМ |
2011 жылғы II тоқсаннан бастап, тоқсан сайын |
Талап етілмейді |
7. |
Шетелде Астана қаласының кандидатурасын қолдауға Дауыс жинау бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
СІМ |
2011 жылғы II тоқсаннан бастап, тоқсан сайын |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
8. |
ҚР Премьер-Министрі атынан EXPO – 2017 көрмесін өткiзу құқығына Астана қаласының өтінімін беруi туралы ҚР Үкіметінің кепiлдiгімен хат жіберу |
ХКБ-ға кепілдікпен хат жіберу |
ЭДСМ, СІМ |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
9. |
Өтінім мәліметі үшін ҚР Президенті атынан EXPO – 2017 өткiзу құқығына Астана қаласының өтінімін қолдау жөнінде хат дайындау |
ПӘ-не ақпарат |
ЭДСМ |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
10. |
Мемлекет басшысы атынан әлемнiң әр түрлi өңірлеріндегі көшбасшы елдер президенттерінің атына (Ресей, Қытай, Корея Республикасы, Жапония, Түркия, Мысыр, АҚШ, Канада, Куба, Бразилия) оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласына өтінім беру туралы хат дайындау және жіберу |
Хаттар жіберу |
ЭДСМ, СІМ |
2011 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
11. |
ХКБ-ның Сараптама комиссиясының сұрауларын ескере отырып, ақпараттық құжаттама дайындау |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, БҒМ, ИЖТМ, СІМ, ММ, ТСМ, БАМ, Қаржымині, МТК, Қоршағанортамині, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
Қажеттілігіне қарай |
Талап етілмейді |
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар |
|||||
12. |
Астана қаласындағы IV және V Астана экономикалық форумдарына қатысуды қамтамасыз ету |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ |
2011 жылғы мамыр, 2012 жыл |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
13. |
Бас консультанттың тиісті ЖОО студенттері алдында сөз сөйлеуін ұйымдастыру. EXPO – 2017 көрмесінің тақырыбы бойынша ЖОО-мен ынтымақтастық |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ |
2011 және 2012 жылдар бойына |
Талап етілмейді |
14. |
Астана қаласы әкiмдiгінiң іс-шараларына ықпалдасу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, Астана қаласының әкiмдiгі |
2011 – 2012 жылдар бойына |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
15. |
Қазақстан халқы ассамблеясының іс-шараларына ықпалдасу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 – 2012 жылдар бойына |
Талап етілмейді |
16. |
EUROBAK-тың дөңгелек үстелдеріне және семинарларына қатысу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ |
2011 жылғы мамыр, 2012 жылғы наурыз |
Талап етілмейді |
17. |
EXPO – 2017 өткізу кезінде туризмді дамыту мүмкіндіктері бойынша кәсiби мақалалар дайындау және жариялау |
Мақалалар жария ету |
ЭДСМ, ТСМ |
2011 жылғы мамыр, 2012 жыл бойына |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
18. |
Астана қаласындағы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысуды қамтамасыз ету |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, ИЖТМ |
2011 жылғы маусым |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
19. |
Вена қаласындағы (Австрия ) Еуропа және Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуды қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметіне есеп беру |
ЭДСМ, СІМ |
2011 жылғы маусым |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
20. |
Париж қаласындағы (Франция) ХКБ Бас Ассамблеясының кезекті сессияларына қазақстандық делегацияның қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ EXPO – 2017 өтінімінің тұсаукесерін өткізу және концерттік бағдарламамен ресми қабылдауларды ұйымдастыру |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, СІМ, ММ |
2011 және 2012 жылдар бойына |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
21. |
ХКБ Бас хатшысының Астана қаласына сапарын ұйымдастыру (ХКБ-ның ұсынымдарына сәйкес) |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, СІМ, БҒМ, ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы тамыз – қараша, 2012 жылғы тамыз – қараша |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
22. |
Мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «Болашақ энергиясы» тақырыбына байланысты EXPO – 2017 көрмесінің үздік ұраны конкурсын ұйымдастыру |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, БҒМ |
2011 жылғы желтоқсан |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
23. |
Астана қаласында ХКБ-ның «Жиһангер көрмесін» өткізу (ХКБ ұсыныстарына сәйкес) |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, СІМ |
2011 жылғы қазан – 2012 жылғы ақпан |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
24. |
ХКБ Сараптама комиссиясының Астана қаласына сапарын ұйымдастыру |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, СІМ, БҒМ, ИЖТМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі |
2012 жылғы сәуір |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
25. |
Женева қаласында (Швейцария) өтетін Болашақ энергиясы Еуропалық Форумына және Абу Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) өтетін Болашақ энергиясы Дүниежүзілік Саммитіне қатысуды қамтамасыз ету |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, СІМ, ИЖТМ |
2011 жылғы қазан, |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
26. |
Астана қаласында «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбы бойынша Халықаралық конгресс өткізу |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, БҒМ, ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі, СІМ |
2012 жылғы сәуір |
049 Бюджеттiк бағдарлама |
Ескертпе:
049 бюджеттiк бағдарламасы – қаражат ЭДСМ-нің 049 «Экспорттаушы – 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасынан көзделген.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлiгi
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
ҚР – Қазақстан Республикасы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
ЖОО – жоғары оқу орны
Өтінім мәлімет – EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiзу құқығына Астана қаласының өтінім мәліметі
ХКБ – Халықаралық Көрмелер Бюросы
Ұйымдастыру комитеті – EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөнінде ұйымдастыру комитеті
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
EUROBAK (European Business Association in Kazakhstan) – Қазақстандағы еуропалық компаниялар қауымдастығы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 21 сәуірдегі
№ 53-ө өкімімен
бекітілген
EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткізу
құқығына Астана қаласының өтінім мәліметін әзірлеу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзiмдерi |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
EXPO – 2017 көрмесі атауын, тақырыбын, сондай-ақ көрменің ашылу және жабылу күнін таңдауды негіздеу бойынша ақпарат дайындау. EXPO – 2017 көрмесінің ашылуы мен жабылу кезеңін ауа райы, туристердің болуы мүмкін ағымы сияқты ерекше жағдайлармен байланысын белгілеу. EXPO – 2017 көрмесінің ашылуы мен жабылу күндерінде ерекше жергілікті немесе салтанатты мәнінің болуы |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі, Қоршағанортамині, ТСМ |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
2. |
EXPO – 2017 көрмесін Астана қаласында өткізудің қажеттілігін түсіндіретін жергілікті және халықаралық себептерді және оны өткізуден туындайтын мүмкін нәтижелердің негіздемесін дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі, ТСМ, СІМ |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
3. |
Қазақстанда өткізілген халықаралық және бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылуы жөнінде ақпарат дайындау |
ЭДСМ-ге есеп беру |
СІМ, ТСМ, БАМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
4. |
Қазақстанның ұлттық экономикалық көрсеткiштерi жөнінде ақпарат дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
СА |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
5. |
EXPO – 2017 көрмесін өткізу үшін Астана қаласының және оған жақын өңірдің саяси және экономикалық мәнi жөнінде ақпарат дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
6. |
EXPO – 2017 көрмесін өткізуге мүдделі топтардың (ҮЕҰ, бизнес, оппозиция, саяси партиялар, мемлекеттік органдар және басқалары), сондай-ақ тұтастай халықтың ұстанымын ескеріп, ішкі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай жөнінде ақпарат беру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Еңбекмині |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
7. |
Астана қаласында EXPO – 2017 көрмесін өткізуге қолдау көрсету хаттарын жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
БҒМ, БАМ, ММ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісу бойынша) |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
8. |
Астана қаласында EXPO – 2017 көрмесін өткiзудiң қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөнінде жоспар әзірлеу |
ПМК-не ұсыныстар |
ТЖМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы маусым |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
9. |
Астана қаласында EXPO – 2017 өткізу бастамасына мақұлдау алу үшін Сенатқа, Мәжіліске, ПӘ-ге, ПМК-ге хаттар жолдау |
Хаттар жолдау |
ЭДСМ |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
10. |
Астана қаласында EXPO – 2017 өткізу идеясынан халықтың хабардар болуын зерделеу және оны қолдау мақсатында www.expo2017astana.com мамандандырылған веб-сайтында сұрау салу-зерттеу жүргізу |
ЭДСМ-ге есеп беру |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2011 жылғы қазан |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
11. |
Атқарылған жұмыс және ғылыми база, EXPO – 2017 көрмесінің тақырыбы бойынша ҒЗИ және Қазақстандағы ғылыми әзірлемелер туралы ақпарат беру |
ЭДСМ-ге есеп беру |
EXPO – 2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбының мәселелері бойынша жұмыс тобы |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
12. |
Мынадай бағыттар: |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
EXPO – 2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбының мәселелері бойынша жұмыс тобы |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
13. |
EXPO – 2017 көрмесінің тақырыбын дамыту – тақырыпшалар және экспозициялық жіктелімдер |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
EXPO – 2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбының мәселелері бойынша жұмыс тобы |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
14. |
Заңнамалық, ұйымдастырушылық, жедел және қаржы шараларын қабылдау бойынша Қазақстанның мынадай кепілдіктер беру бойынша декларациясын келісу: |
ПМК-ге ұсыныстар |
ЭДСМ, Қаржымині, ТЖМ, Астана қаласының әкімдігі, СІМ |
2011 жылғы маусым |
Талап етілмейді |
15. |
Балама энергия көздері тақырыбы бойынша Қазақстанмен ынтымақтасатын халықаралық кәсiби ғылыми қоғамдастықтардың тiзiмiн дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
БҒМ, ИЖТМ |
2011 жылғы сәуір |
Талап етілмейді |
16. |
Астана қаласында және жақын өңірдегі туризм туралы ақпарат беру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
ТСМ, Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
17. |
EXPO – 2017 көрмесіне келушілерді тарту бойынша ақпараттық стратегияны әзірлеуде ұсыныстар енгізу және жәрдем көрсету |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
БАМ, ТСМ, СІМ |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
18. |
Қазақстан туралы ақпарат беру: тарих; экономика; мәдениет; туризм |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
БҒМ, ЭДСМ, СА, ММ, ТСМ |
2011 жылғы мамыр |
Талап етілмейді |
19. |
Қазақстан жөнінде деректер дайындау: |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
ККМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
20. |
EXPO – 2017 көрмесі үшiн көлiктік жабдықтауды кеңейту бойынша жоспар дайындау |
ЭДСМ-ге жоспар жіберу |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
21. |
Өңірлік және қалалық даму бағдарламасы; Астана қаласының тарихи дамуы және туристiк тартымдылығы, оның экономикалық дамуы туралы ақпарат; EXPO – 2017 көрмесінің аумағы; Астана қаласының санитарлық, мәдени, спорт инфрақұрылымы; конференц-залдардың, бизнес орталықтардың, қонақ үйлердің, жатақханалардың болуы жөнінде ақпарат беру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
22. |
Қазақстанның аумағында 2017 жылы өткізілетін маңызды іс-шаралардың тізімін дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
СІМ, ТСМ, БҒМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
23. |
EXPO – 2017 көрмесі алаңының Бас жоспарының алдын-ала жобасын әзірлеу |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
24. |
Жер учаскесі, оның дәл өлшемдерi, мәртебесі жөніндегі ақпаратты қамтитын хат дайындау және жер EXPO – 2017 көрмесі үшін көзделгендігін растау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
25. |
Одан әрі даму жоспарын дайындау және EXPO – 2017 көрмесі аяқталғаннан кейiн оның материалдарын пайдалану |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы шілде |
Талап етілмейді |
26. |
EXPO – 2017 көрменің өткізілу кезіндегі Астана қаласында және жақын өңірлердің мәдени және ойын-сауық іс-шараларының тiзiмiн дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Ақмола облысының және Астана қаласының әкімдіктері, ММ |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
27. |
EXPO – 2017 көрмесіне қатысушылардың болжамды саны және халықаралық және отандық қатысушылар үшін алаңдардың, павильондар, жабық және ашық алаңдардың басқа түрлерiнiң орналастырылуына қатысты мүмкін болған шешімдерді дайындау. Шет елдерге бөлінуі мүмкін жоғарғы және ең төменгi кеңiстiктерді әзірлеу, сондай-ақ сәулеттік жоспарлаудың кез-келген нұсқауларын немесе EXPO – 2017 көрмесіне қатысушылар орналасатын павильондардың модулдiк жоспарын дайындау |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
СІМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
28. |
EXPO – 2017 көрмесіне келушiлердiң күтiлетiн саны және түрлерi жөнінде болжамды беру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
ТСМ, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
29. |
EXPO – 2017 көрмесіне келушiлер, персонал мен қатысушылар үшін қонақ үйлерде тұрудың және орналасудың әзірленген жоспарын ұсыну |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
30. |
Бюджетті, қаржыландыру құралдары мен күтiлетiн қаржы нәтижелерін, сондай-ақ негізгі ғимараттардың құрылысы мен EXPO – 2017 көрмесі алаңын қайта жаңартуды қаржыландырудың негізгі көздерін айқындауды қамтитын бизнес-жоспар әзірлеу |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Қаржымині |
2011 жылғы шілде-қыркүйек |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
31. |
EXPO – 2017 көрмесіне қатысудың ықтимал құнын бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi беру |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
32. |
Қоршаған ортаға жобаның тигізетін әсерiн зерделеу |
ЭДСМ-ге есеп беру |
Қоршағанортамині, Астана қаласының әкімдігі |
2011 жылғы қазан |
049 Бюджеттік бағдарламасы |
33. |
Осы мақсатқа көзделген соманы көрсете отырып дамушы елдерге қолдау көрсетудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу |
ЭДСМ-ге ұсыныстар |
Қаржымині, СІМ |
2011 жылғы қараша |
Талап етілмейді |
34. |
Ұйымдастыру комитетінiң отырысына өтінім мәліметінің нұсқа дизайнын бекiту |
Ұйымдастыру комитеті төрағасының мақұлдауы |
ЭДСМ |
2011 жылғы қазан |
Талап етілмейді |
35. |
Ұйымдастыру комитетінің отырысында өтінім мәліметінің жобасын бекiту |
Ұйымдастыру комитеті төрағасының мақұлдауы |
Ұйымдастыру комитеті |
2011 жылғы қараша |
Талап етілмейді |
36. |
ХКБ-ға өтінім мәліметін беру |
Ұйымдастыру комитетінің төрағасына есеп беру |
ЭДСМ, СІМ |
2011 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
Ескертпе:
049 бюджеттiк бағдарламасы – қаражат ЭДСМ-нің 049 «Экспорттаушы – 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасынан көзделген.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Мәжіліс – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
БҒМ – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
ҚР – Қазақстан Республикасы
Сенат – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
АЭФ – Астана экономикалық форумы
Бас консультант – EXPO – 2017 мәселелері жөнінде Қазақстанның бас консультанты
ХКБ – Халықаралық Көрмелер Бюросы
Өтінім мәлімет – EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiзу құқығы жөніндегі Астана қаласының өтінім мәлімет
ҒЗИ – ғылыми зерттеу институттар
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым
Ұйымдастыру комитеті – EXPO – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөнінде ұйымдастыру комитеті
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары