Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 82-ө Өкімі

      Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 12 – 15 маусым кезеңінде Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасы Төрағасының арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан сапар кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын.
      7. Астана қаласының әкімдігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоны қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 15 маусымдағы
№ 82-ө өкіміне    
қосымша       

Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерін
қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелерін («1+1+10» форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақүйінде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астарын) ұйымдастыру.
      5. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарында гүлмен, ішкі-тематикалық безендіру және техникалық қамтамасыз ету.
      7. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне медициналық қызмет көрсету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады