1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 93-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТҮКШІА, Қаржымині, ЭДСМ, |
2011 жылғы шілде |
2 |
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТҮКШІА, Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині, |
2011 жылғы шілде |
3 |
Мыналарды: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТҮКШІА, Қаржымині, ЭДСМ, |
2011 жылғы шілде |
4 |
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ, Қаржымині |
2011 жылғы шілде |
5 |
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, ЭДСМ, Қаржымині |
2011 жылғы тамыз |
6 |
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, БҒМ, Қаржымині |
2011 жылғы шілде |
7 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, БҒМ, Қаржымині, ЭДСМ |
2011 жылғы шілде |
8 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЭДСМ, ҚТҮКШІА |
2011 жылғы шілде |
9 |
Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, ҚТҮКШІА |
2011 жылғы шілде |
10 |
Мынаны: |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині, ЭДСМ, АШМ, Қаржымині, ҚТҮКШІА |
2011 жылғы шілде |
11 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағиданы бекіту туралы |
Бұйрық |
Еңбекмині, СА |
2011 жылғы шілде |
12 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ҚТҮКШІА, Қаржымині |
2011 жылғы шілде |
13 |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ҚТҮКШІА |
2011 жылғы шілде |
14 |
Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы |
Бұйрық |
ҚТҮКШІА |
2011 жылғы шілде |
15 |
«Мемлекеттік атаулы әлеуметті көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бүйрық |
Еңбекмині |
2011 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі