2012 жылы Алматы қаласында бендиден әлем чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 98-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған 2012 жылы Алматы қаласында бендиден әлем чемпионатын (бұдан әрі - чемпионат) дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетiнiң (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрамы бекiтілсiн.
      2. Ұйымдастыру комитеті чемпионаттың дайындық барысын және өткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi «Қазақстан Республикасының Допты хоккей федерациясы» ҚБ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының дайындығын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі чемпионаттың өту барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен чемпионатқа қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі чемпионатқа қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
      7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың шығу кестесіне сәйкес чемпионатқа қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жол жүруі үшін орындарды брондауға жәрдем көрсетсін.
      8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін чемпионатқа қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес спорттық жабдықтарды және мүкәммалді кедендік бақылаудан өткізу және кедендік тазарту кезінде көмек көрсетсін.
      10. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы чемпионатты өткізу жөнінде қаржылай қолдау көрсету мүмкіндігін қарасын.
      11. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2011 жылғы 29 шілдедегі
№ 98-ө өкімімен   
бекітілген      

2012 жылы Алматы қаласында бендиден әлем чемпионатын дайындау
және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Есімов                      - Алматы қаласының әкімі, төраға
Ахметжан Смағұлұлы

Омаров                      - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы              спорт вице-министрі, төрағаның
                              орынбасары

Школьник                    - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом
Владимир Сергеевич            компаниясы» акционерлік қоғамының
                              басқарма төрағасы, төрағаның орынбасары
                              (келісім бойынша)

Жошыбаев                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Байжүнісов                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                  сақтау вице-министрі

Бектұров                    - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы                және коммуникация вице-министрі

Кулинич                     - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Александр Васильевич          министрінің орынбасары

Оразов                      - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы              ақпарат вице-министрі

Шолпанқұлов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы            вице-министрі

Қанағатов                   - Қазақстан Республикасы Туризм және
Елсияр Баймұхамедұлы          спорт министрлігі Спорт комитетінің
                              төрағасы

Досмұхамбетов               - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Темірхан Мыңайдарұлы          Олимпиада комитетінің президенті
                              (келісім бойынша)

Бектемісов                  - «Медеу» биік таулы спорт кешенінің
Сабыржан Саматұлы             директоры (келісім бойынша)

Кенжеғарин                  - Қазақстан Республикасының допты
Болат Фазылсейітұлы           хоккей федерациясының президенті
                              (келісім бойынша)

Омарқұлов                   - «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы
Асқар Әлирахымұлы             төрағасының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады