Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 105-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы N 205-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2012.11.07 N 205-ө Өкімімен.

      Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында:
      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі, жетекші

Толыбаев                    - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы                шаруашылығы вице-министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Отаров                      - Ақмола облысы әкімінің бірінші
Қадырхан Махмұтұлы            орынбасары

Рақымбеков                  - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Төлеутай Сатайұлы

Сұлтанбеков                 - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Қанат Таңатарұлы

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы             вице-министрі

Ескендіров                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                 даму және сауда вице-министрі

Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Кеңес Сәрсенғалиұлы           сақтау министрлігі Мемлекеттік
                              санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                              комитетінің төрағасы

Бейсенғалиев                - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Берік Тұрсынбекұлы            акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
                              (келісім бойынша)

Құрманғалиев                - «Aстана» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Нұрлан Төлеуұлы               корпорациясы» акционерлік қоғамының
                              Басқарма төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Хусайынов                   - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Руслан Кинебайұлы             корпорациясы» акционерлік қоғамының
                              Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)

Байманов                    - «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Айдар Итемгенұлы              корпорациясы» акционерлік қоғамының
                              Басқарма төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы:
      1) 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлесін;
      2) 2011 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін дамыту мәселелерін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс әзірлесін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                          К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады