Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (бұдан әрі – ҰҚШҰ) шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайту және 2011 жылғы 11 – 14 тамыз кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ның бейресми саммитін (бұдан әрі – Саммит) дайындау және 2011 жылғы 12 тамызда өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
Саммитті өткізуге дайындық жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін;
2011 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атынан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми делегацияларына, бірге жүретін адамдарға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне кешкі ас, сондай-ақ шай дастарқанын қамтамасыз етсін және ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша):
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, делегацияларды Астана қаласында және Бурабай курорттық аймағында орналастыруды қамтамасыз етсін;
ресми делегациялардың басшыларына және мүшелеріне (1+5 форматы бойынша), сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысына (1 форматта) жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
қосымшаға сәйкес шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және Астана, Көкшетау қалаларының әуежайларында арнайы ұшақтар мен тікұшақтардың тұрағы мен оларға жанармай құюды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен делегациялар үшін тікұшақтар (қажетті мөлшерде) дайындауды, мемлекеттер мен делегациялар басшыларына Астана қаласы – Бурабай курорт аймағы – Астана бағыты бойынша арнайы поезд қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Астана, Көкшетау қалаларының әуежайларында және Бурабай курорт аймағында тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын (тікұшақтар алаңын) және жанармай құюды қамтамасыз етсін;
Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктермен бірлесіп, Астана және Көкшетау қалалары әуежайларының, Астана қаласының және Щучинск қаласындағы Бурабай станциясының теміржол вокзалдарының техникалық әзірлігін қамтамасыз етсін.
4. Астана қаласының әкімдігі Астана қаласының әуежайын және көшелерін ресімдеу (қонақүйлерде және Астана қаласының әуежайында жалаулар ілу) бойынша ұйымдастыру іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
5. Ақмола облысының әкімдігі:
Саммитті өткізуге Бурабай курорт аймағын дайындау бойынша тиісті іс-шараларды;
делегацияларға көліктік қызмет көрсетуді;
Бурабай теміржол станциясының және станциядан Бурабай курорт аймағына дейінгі автокөлік жолының техникалық әзірлігін;
мәдени бағдарламаны ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қорғалатын адамдардың, сондай-ақ іс-шаралар өткізілетін орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне өткізілетін қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны ұйымдастыруды және іс-шараны қажетті техникалық қолдауды (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз етуді және сахнаны ресімдеуді) қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне техникалық және ақпараттық (баспасөз орталығы, компьютерлер, факс, халықаралық байланыс, жылдам интернет) қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында мемлекеттер басшыларын қарсы алу және шығарып салу рәсімдеріне қатыссын.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Саммитке қатысушыларды тексерудің және Саммит шеңберінде пайдалануға арналған жүктерді (тауарлар, бұйымдар, экспонаттар, жабдықтар) әкелудің жеңілдетілген рәсімдерін қамтамасыз етсін.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Саммитке келген қатысушылар үшін Астана қаласы әуежайының шекаралық бекетінде паспорттық бақылаудың жеңілдетілген рәсімін («Бүркіт» жүйесінде суретке түсірместен) ұйымдастыруға жәрдем көрсетсін.
12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 11 тамыздағы
№ 107-ө өкіміне
қосымша
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларын және бірге жүретін
адамдарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары
1. Ресми делегациялар басшылары мен мүшелерін (1+5 форматы), сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысын (1 форматы) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының және Бурабай курорт аймағының қонақүйлерінде орналастыру.
2. Баспа өнiмдерін (бейдждер, бағдарламалар, автокөліктерге арнайы рұқсаттар, куверттік карталар, шақырулар және т.б.), сондай-ақ кеңселік жабдықтарды (қойын дәптерлер, қаламдар және тағы басқалар) дайындау.
3. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер делагацияларын және ҰҚШҰ Бас хатшысын Астана және Көкшетау қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарқанын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
4. 2011 жылғы 12 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне жұмыс бабындағы таңғы ас беруді ұйымдастыру.
5. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының, олармен бірге жүретін адамдардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан бейресми қабылдаулар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
6. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
7. 2011 жылғы 11-14 тамызда ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
9. Ғимараттарды жалға алу үшін ақы төлеуді, залдарды безендіруді, оның ішінде гүлмен безендіруді, сондай-ақ Саммит іс-шараларына техникалық қолдау көрсетуді (микрофондар, спич-трибуна, үстелдер, баннерлер, орындықтар, дыбысты және жарықты күшейту және т.б.) қамтамасыз ету.