1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 31 тамыздағы
№ 117-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын
үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
25 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
2. |
«Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
3. |
Коммуналдық қызметтерді көрсету қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
4. |
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
5. |
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
6. |
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидасын бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
7. |
Кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiнің тiзiмiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2011 жылғы қыркүйек |
8. |
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
9. |
Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже |
Бұйрық |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
10. |
Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгі нысаны |
Бұйрық |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
11. |
Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған тұрғын жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативінің басқарма төрағасының кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптары |
Бұйрық |
ҚТКШІА |
2011 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі