Мемлекеттiк органдардың ЖСН/БСН ұлттық сәйкестендірушілерді пайдалануға көшуі жөніндегі жұмысын үйлестіру мақсатында:
1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев – Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Шолпанқұлов – Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Брусенко – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Евгений Владимирович Салық комитетінің бас сарапшысы, хатшы
Әшім – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы қорғау министрі
Айдапкелов – Қазақстан Республикасы Статистика
Нұрболат Серғалиұлы агенттігінің жауапты хатшысы
Дүйсенова – Қазақстан Республикасы Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
жауапты хатшысы
Дүйсенбаев – Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдеғалиұлы коммуникация вице-министрі
Толыбаев – Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы шаруашылығы вице-министрі
Сәрсенов – Қазақстан Республикасының Байланыс және
Сәкен Сейітжаппарұлы ақпарат вице-министрі
Құрманғалиева – Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы сақтау вице-министрі
Аюбаев – Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мейрам Ақатұлы министрлігінің Көші-қон полициясы
комитеті төрағасының орынбасары
Бектенов – Қазақстан Республикасы Әділет
Олжас Абайұлы министрлігінің Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитеті
төрағасының орынбасары
Мақажанов – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығметжан Қойшыбайұлы басқару агенттігі төрағасының орынбасары
Жамаубаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Ерұлан Кенжебекұлы Үйлестіру департаментінің директоры
(келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттiк органдардың ЖСН/БСН ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшуі бойынша жұмысын үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу кезеңділігі әрбір он күн сайын деп белгіленсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов