Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтенің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 5 – 8 қазан кезеңінде Астана қаласында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтенің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Литва Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Литва Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Литва Республикасы Президентінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық және даму министрлігі Қазақстан-Литва Іскерлік кеңесінің бірінші отырысын өткізсін.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдау және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан жұмыс бабындағы таңғы ас беру кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
8. Астана қаласының әкімдігі Литва Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды, оның ішінде Литва делегациясының Президенттік мәдениет орталығының экспозияциясын көруін, АЛЖИР мұражай-мемориалдық кешенінің аумағында литва тұтқын әйелдерінің ескерткіш белгісінің орнатылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Литва Республикасының Президентін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 4 қазандағы
№ 132-ө өкіміне
қосымша
Литва Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Литва Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Литва Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Астана қаласында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтенің құрметіне (таңғы, түскі, кешкі қонақасылар) қабылдаулар ұйымдастыру.
5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың атынан Литва Республикасының Президенті Д.Грибаускайтенің құрметіне Астана қаласының мейрамханасында қонақасы беруді ұйымдастыру.
6. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
7. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
8. Ресми делегацияның мүшелері мен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
9. Ресми делегацияның мүшелері мен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
10. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Литва Республикасының Президенті Д.Грибаускайтемен «Риксос Президент Астана» қонақүйінде кездесуі уақытында залды жалға алу және шай дастарханын ұйымдастыру.