Түркия Республикасының Премьер-Министрі Режеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 137-ө Өкімі

      Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2011 жылғы 20 - 22 қазанда Алматы қаласында Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанның Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Түркия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
      2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен сапарды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      Ресми делегация басшысы жұбайымен келген жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) «1+1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде Түркия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Алматы қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Түркия Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Алматы қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Алматы қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан қабылдаулар кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын.
      7. Алматы қаласының әкімдігі Түркия Республикасының ресми делегациясын Алматы қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Алматы қалаcының әуежайында Түркия Республикасының Премьер-Министрін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 12 қазандағы
№ 137-ө өкіміне  
қосымша      

Түркия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет
көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Алматы қаласындағы қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Түркия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Алматы қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Түркия Республикасының Премьер-Министрі Р.Ердоғанның құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар), бейресми қабылдау ұйымдастыру, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру және шай дастарханын ұйымдастыру.
      7. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Алматы қаласындағы қонақүйде екіжақты келіссөздер өткізу үшін залдарды жалдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады