Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Омурбек Бабановтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 38-ө Өкімі

      Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 21 – 22 ақпанда Астана қаласында Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының әуежайында, тұратын және баратын орындарында Қырғыз Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің қауіпсіздігін, жүретін бағыттар бойынша ілесіп жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі О.Бабановтың арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан кешкі ас пен ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу уақытында тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      7. Астана қаласының әкімдігі Қырғыз Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ 38-ө өкіміне    
қосымша      

Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Қырғыз Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақ үйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждерді, сапардың бағдарламаларын, автокөліктерге арнайы рұқсаттамаларды, куверттік карталарды, қабылдауға шақыруларды) дайындау.
      3. Қырғыз Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және оларды шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлдермен безендіру.
      4. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің атынан Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің құрметіне қабылдауларды (таңғы асты, түскі асты, кешкі асты) ұйымдастыру.
      5. Қырғыз Республикасының ресми делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Қырғыз Республикасының ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Қырғыз Республикасының ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүрушілерге медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласындағы қонақ үйдің залдарын жалға алу ақысының төленуін қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады