2012 жылғы 23 – 30 сәуірде Астана қаласында химия пәнінен оқушылардың 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасын (бұдан әрі – Менделеев олимпиадасы) дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Менделеев олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Менделеев олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Менделеев олимпиадасының қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 59-ө өкімімен
бекітілген
Химия пәнінен оқушылардың 46-шы Халықаралық Менделеев
олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру
комитетінің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.04.25 № 87-ө Өкімімен.
Жұмағұлов |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Тасмағамбетов |
– |
Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары |
Ғалымова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары |
|
Қирабаева |
– |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, хатшы |
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері |
||
Қайырбекова |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Сарыбеков |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
|
Жұмағалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Мыңбай |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Қасымов |
- |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Жәмішев |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ырысқали |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 59-ө өкімімен
бекітілген
Химия пәнінен оқушылардың 46-шы Халықаралық Менделеев
олимпиадасын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с |
Атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Менделеев олимпиадасына дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті мен хатшылықтың жұмысы |
2012 жылғы наурыз |
БҒМ |
2. |
Олимпиаданың баспасөз орталығының қызметін ұйымдастыру, Менделеев олимпиадасының веб-порталын құру және оның жұмыс істеуі |
2012 жылғы наурыз – сәуір |
БҒМ |
3. |
Менделеев олимпиадасын халықаралық ұйымдастыру комитетінің алдын ала отырысын өткізу |
2012 жылғы наурыз |
БҒМ |
4. |
Менделеев олимпиадасының эмблемасы мен медальдарының эскиздерін әзірлеуді, кәдесыйлар, жарнама өнімдерін және сертификаттар дайындауды ұйымдастыру |
2012 жылғы наурыз |
БҒМ |
5. |
Ресми адамдар мен Менделеев олимпиадасына қатысушылар тұратын, іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті, олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ қозғалыс бағыты бойынша бірге жүруді қамтамасыз ету |
2012 жылғы сәуір |
ІІМ, БҒМ |
6. |
Менделеев олимпиадасына қатысушыларға мәдени-экскурсиялық бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
2012 жылғы наурыз – сәуір |
БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
7. |
Менделеев олимпиадасына қатысушылардың (қазылар алқасы, жетекшілер, оқушылар) жатын орындарын, тамақтануын ұйымдастыру |
2012 жылғы сәуір |
БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
8. |
Менделеев олимпиадасына қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді, олимпиада қатысушылары тұратын орындарға медициналық персоналдың кезекшілігін ұйымдастыру |
2012 жылғы сәуір |
ДСМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
9. |
Менделеев олимпиадасын өткізу кезінде делегациялармен бірге жүру |
2012 жылғы сәуір |
БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
10. |
Менделеев олимпиадасының ашылу және жабылу салтанатты рәсімдерін өткізу сценарийін әзірлеу |
2012 жылғы наурыз |
БҒМ, МАМ |
11. |
Халықаралық қазылар алқасының және команда жетекшілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін үй-жайларды техникалық жабдықтау, сервер және жұмыс станциялары бар ақпараттық есептеу желісін құру |
2012 жылғы сәуір |
БҒМ |
12. |
Менделеев олимпиадасына қатысушыларды күтіп алуды және шығарып салуды ұйымдастыру |
2012 жылғы сәуір |
БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
13. |
Менделеев олимпиадасының қорытынды есебін қатысушы елдерге тарату |
2012 жылғы мамыр |
БҒМ |
14. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Менделеев олимпиадасының қорытындысы туралы ақпарат беру |
2012 жылғы мамыр |
БҒМ 4 |
15. |
Визалық қамтамасыз ету |
2012 жылғы наурыз – сәуір |
СІМ |
16. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында олимпиада жеңімпаздарының жетістіктерін және дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибелерін тарату, насихаттау |
2012 жылғы мамыр |
БҒМ, МАМ |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Менделеев олимпиадасы - 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы
010 РБ бағдарлама - Республикалық бюджет: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 010 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бағдарламасы