Азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 81-ө Өкімі

      Азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы

Кармазина
Лена Мағауияқызы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Оспанов
Асылхан Зейноллаұлының

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

Мамбеева
Жанар Сабырқызы

-

«Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының әлеуметтік жобалар бойынша басқарушы директоры (келісім бойынша)

Жаминов
Талғат Ақмашұлы

-

«Ұлттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Яганьяц Недим

-

Жоба жетекшісі, Дүниежүзілік Банктің денсаулық сақтау жөніндегі бас маманы (келісім бойынша)

Вуйнович Мелита

-

Қазақстан Республикасы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзіме Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі тетіктері бойынша ұсыныстар енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады