Қазақстан Республикасын Қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының жиырмалық тобының саммитіне (бұдан әрі – G-20 саммиті) қатысушылардың құрамына қосу және G-20 саммиті шеңберінде әлемдік экономиканы реформалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамаларын әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Келімбетов |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Жошыбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, жетекшінің орынбасары |
Қабылбеков |
– |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы |
Бекетаев |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
Ерғожин |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Жақсылықов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. |
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасын G-20 саммитіне қатысушылардың құрамына қосу және G-20 саммиті шеңберінде әлемдік экономиканы реформалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бастамалары бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов