"Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы 96-ө Өкімі

      «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенінде:
      «Тарифтік саясат» деген 3-бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 12-7-жолдармен толықтырылсын:
«

12-1

Электр, жылу және су шаруашылығы желілерінде нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуді қамтамасыз ету

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын 31 наурыз

12-2

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне оның ішінде, жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді көтеруге өтінімдер түскен кезде жария тыңдаулар өткізу

ТМРА

Үкіметке есеп

Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін

12-3

Табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаларды, оның ішінде жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне тарифтік сметаларды орындауын бақылауды жүзеге асыру

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын шілде

12-4

Табиғи монополиялар субъектілерінің жылу және электр энергиясын, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату қызметтеріне инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауын бақылауды жүзеге асыру

ТМРА

Үкіметке есеп

Жыл сайын шілде

12-5

Стратегиялық тауарларды өндірушілердің стратегиялық тауарларды табиғи монополиялар субъектілеріне (табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын, су шаруашылығы және кәріз жүйелерін беру және (немесе) тарату салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - электр энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ) тікелей (делдалдарсыз) өткізу міндеттерін көздейтін Заң жобасын әзірлеудің орындылығына талдау жүргізу

БҚА, ТМРА, ИЖТМ, ЭДСМ

Үкіметке ұсыныс

2012 жылғы  қазан

12-6

Әлеуметтік маңызы бар тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) (көмір, мазут, авиациялық керосин, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму қызметтері, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері және т.б.) мемлекет реттеп отыратын бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасына енгізудің орындылығын қарау

БҚА, ТМРА

Үкіметке ұсыныс

2012 жылғы  тамыз

12-7

Реттелмейтін нарықтарда (қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және көму қызметтері, лифт шаруашылығы қызметтері, нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтері және т.б.) бағаның негізсіз өсу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы, оның ішінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан монополияға қарсы тексеру жүргізу

БҚА

Үкіметке есеп

Жарты жылда бір рет
1 шілде
1 қаңтар

                                                            ».

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады