Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 99-ө Өкімі

      Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын (бұдан әрі - Тұжырымдама жобасы) әзірлеу бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында:
      1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы             Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Сарыбеков                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы         ғылым вице-министрі, жетекшінің
                              орынбасары

Қуанышев                    - Қазақстан Республикасы Президенті
Жапсарбай Ілиясұлы            Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің
                              меңгерушісі (келісім бойынша)

Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғабидолла Рахматоллаұлы       қорғау агенттігінің төрағасы
                              (Монополияға қарсы агенттік), Қазақстан
                              Республикасының Президенті жанындағы
                              Жастар саясаты жөніндегі кеңестің
                              төрағасы

Әбілқасымова                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы             даму және сауда вице-министрі

Құсдәулетов                 - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы                вице-министрі

Кармазина                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы              вице-министрі

Қырықбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы              және ақпарат вице-министрі

Байжүнісов                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                  сақтау вице-министрі

Нұрымбетов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Тихонюк                     - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Николай Петрович              тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері
                              агенттігі төрағасының орынбасары

Омаров                      - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Мұрат Ескелдіұлы              шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                              орынбасары

Балаева                     - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Өтешев                      - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Нұрлан Сүлейменұлы            партиясының «Жас Отан» жастар қанатының
                              атқарушы хатшысы (келісім бойынша)

Қожахмет                    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мадияр Дүйсенбайұлы           министрлігі Жастар саясаты
                              департаментінің директоры, хатшы

Қаланова                    - «Ақпараттық-талдау орталығы»
Шолпан Мұртазақызы            акционерлік қоғамының президенті
                              (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде Тұжырымдама жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады