Қазақстан Республикасының "Телерадио хабарларын тарату туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 113-ө Өкімі

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
      2. Мемлекеттiк органдар:
      1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.

      Премьер-Министр                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 113-ө өкiмiмен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы»
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңдарын
iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық
актiлердiң тiзбесi

Р/с

Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттiк органдар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ККМ

маусым

2.

«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ККМ (жинақтау) МАМ

маусым

3.

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі № 843 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

маусым
 
 
 
 
 
 
 

4.

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

маусым

5.

Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ККМ
 

маусым

6.

Адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қауiп-қатер және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде телерадио хабарларын тарату желiлерiн пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ТЖМ (жинақтау) МАМ ККМ Қорғанысминi IIМ ҰҚК (келісім бойынша)
 
 
 
 

маусым

7.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы және «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 18 шiлдедегi № 607 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ККМ

маусым

8.

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

маусым

9.

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ККМ

маусым

10.

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы және «Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншiк нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсерiктiк тарату жүйесi арқылы тарату қағидасын бекiту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 47 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ККМ
 

маусым

11.

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ЭДСМ (жинақтау) МАМ

маусым

12.

«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою», «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

маусым

13.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ККМ (жинақтау) МАМ

маусым

14.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік техникалық қызмет туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ККМ

маусым

15.

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

қыркүйек

16.

Ұлттық оператор тарататын еркiн қолжетiмдi теле-, радиоарналардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

қыркүйек

17.

«Ғимараттар мен құрылыстардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ (жинақтау) ҚТҮКШІА ККМ

желтоқсан

18.

Халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарын телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

МАМ

желтоқсан

19.

Тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекiту туралы

Бiрлескен бұйрық

МАМ ЭДСМ ККМ

маусым

20.

Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау) МАМ

маусым

21.

Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын бекiту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау) МАМ

маусым

22.

Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы

Бұйрық

МАМ (жинақтау) ККМ

маусым

23.

Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау) МАМ

маусым

24.

«Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң міндетін атқарушының 2005 жылғы 25 мамырдағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйрық

МАМ

маусым

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
IIМ          – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ККМ          – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
               министрлігі
Қорғанысминi – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi
МАМ          – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
               министрлiгi
ТЖМ          – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ЭДСМ         – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
               министрлiгi
ҰҚК          – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
ҚТҮКШІА      – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
               үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады