Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларын кеден органдарына беру мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 114-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларын кеден органдарына кезең-кезеңімен беруді жүзеге асыру мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов                   - Қазақстан Республикасы
Серік Нығметұлы             Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
                            жетекші

Шәженова                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Дина Мэлсқызы               және сауда министрлігінің жауапты
                            хатшысы, жетекшінің орынбасары

Хисматулин                - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Вагиз Раилович              және сауда министрлігі Бюджет және
                            салық-кеден саясаты департаментінің
                            директоры, хатшы

Ерғожин                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы              вице-министрі

Өмірияев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы             шаруашылығы вице-министрі

Баймолдина                - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Зәуреш Хамитқызы            орынбасары

Бекшин                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Жандарбек Мұхтарұлы         министрлігі Мемлекеттік
                            санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
                            комитетінің төрағасы

Жақыпбаев                 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Нығмат Хамитұлы             министрлігі Ветеринариялық бақылау және
                            қадағалау комитетінің төрағасы

Мусин                     - Қазақстан Республикасы Көлік және
Бағдат Батырбекұлы          коммуникация министрлігі Мемлекеттік
                            қызметтерді автоматтандыруды бақылау және
                            халыққа қызмет көрсету орталықтарының
                            қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы

Хасенов                   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Сақташ Сатыбалдыұлы         министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
                            мемлекеттік инспекция комитетінің
                            төрағасы

Асавбаев                  - Қазақстан Республикасы Көлік және
Әсет Асанұлы                коммуникация министрлігінің Көліктік
                            бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Ержанов                   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Аманияз Қасымұлы            Кедендік бақылау комитеті төрағасының
                            орынбасары

Ахмедов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Ерлан Болатбекұлы           комитетінің Шекара қызметі Шекаралық
                            бақылау бас басқармасы бастығының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Ошақбаев                  - «Атамекен» Қазақстанның ұлттық
Дәурен Сәкенұлы             экономикалық палатасы Агроөнеркәсіптік
                            саясат департаментінің директоры (келісім
                            бойынша)

Зұлпыбеков                - «Атамекен» Қазақстанның ұлттық
Болат Бектұрсынұлы          экономикалық палатасы Халықаралық сауда
                            және кедендік реттеу мәселелері жөніндегі
                            департаментінің директоры (келісім
                            бойынша).

      2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларын кеден органдарына беру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады