Ғылым қалашықтары туралы заңнаманы әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 120-ө Өкімі

      Ғылым қалашықтары туралы заңнаманы әзірлеу және Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                   - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы            Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Орынханов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Қадесұлы               ғылым вице-министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Ыбырайым                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұхтарбекұлы          министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы,
                             хатшы

Әбденов                    - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші
Серік Сақбалдыұлы            орынбасары

Асылова                    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бибігүл Амангелдіқызы        Жоспарлау және әлеуметтік сала
                             департаментінің директоры

Жұмағарин                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Серік Мәкешұлы               және сауда министрлігі Өңірлік саясат
                             және бюджеттік қатынастар
                             департаментінің директоры

Мұқанов                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Талғат Асқарұлы              жаңа технологиялар министрлігі Жаңа
                             технологиялар және энергия үнемдеу
                             департаментінің директоры

Пернебаева                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Жұлдыз Үсенқызы              және сауда министрлігінің Әлеуметтік
                             саясат және мемлекеттік органдарды
                             дамыту департаменті директорының
                             орынбасары

Мұханова                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Әсел Барақбайқызы            министрлігінің Заңнама департаменті
                             директорының орынбасары

Борисенко                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Александр Николаевич         жаңа технологиялар министрлігі
                             «Қазақстан Республикасының Ұлттық
                             ядролық орталығы» республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері

       2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылым қалашықтары туралы заңнаманы әзірлеу және Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады