Астаналық мәртебені және жаңадан пайдалануға берілетін объектілерді есепке ала отырып, Астана қаласы стационарларының медициналық қызмет көрсеткені үшін шығынды өтеу тетігін айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
жетекші
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы Денсаулық сақтау вице-министрі,
жетекшінің орынбасары
Ермекбаев - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Қанат Қартайұлы сақтау министрлігі Медициналық
қызметке ақы төлеу комитетінің
төрағасы,хатшы
Қармазина - Қазақстан Республикасының
Лена Мағауияқызы Қаржы вице-министрі
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының
Мәдина Ерасылқызы Экономикалық даму және сауда
вице-министрі
Балаева - Астана қаласының әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде Астаналық мәртебені және жаңадан пайдалануға берілетін объектілерді есепке ала отырып, Астана қаласы стационарларының медициналық қызмет көрсеткені үшін шығынды өтеу тетігін айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов