Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 163-ө Өкімі

      Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 6-7 қыркүйек аралығында Астана қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне «1+10» форматы бойынша жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтері», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Өзбекстан Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Кәрімовтің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми және/немесе бейресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды, сондай-ақ іс-шараларды өткізу орындарын техникалық сүйемелдеуді (жарық, дыбыс) қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Өзбекстан Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) сапардың бағдарламасына сәйкес қатыссын.
      8. Астана қаласының әкімдігі Өзбекстан Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу, әуежай мен көшелерді безендіру, баратын орындарға бірге жүруді, мәдени бағдарламалар ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 163-ө өкіміне  
қосымша      

Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерін
қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жөніндегі
ұйымдастыру шаралары

      1. Өзбекстан Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін тұратын жерде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Өзбекстан Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Астана қаласында Өзбекстан Республикасының Президентінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас, соның ішінде бейресми) ұйымдастыру.
      5. Делегацияның басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Астана қаласында ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, ілесіп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ бірге ілесіп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақ үйінде екіжақты кездесу өткізу үшін залдарды жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады