Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттық ветеринарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша құжаттық бақылау функцияларын кеден органдарына беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 174-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттық ветеринарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша құжаттық бақылау функцияларын кеден органдарына беру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мүдделі мемлекеттік органдар Іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 174-ө өкімі    
бекітілген      

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінде құжаттық ветеринарлық бақылау мен
өсімдіктер карантині бойынша құжаттық бақылау
функцияларын кеден органдарына беру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (мың. теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттық ветеринарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша құжаттық бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын ВАК отырысына енгізу

Тұжырымдаманы ВАК отырысына енгізу

ҚР Қаржымині, ҚР АШМ, ҚР ЭДСМ, ҚР Әділетмині

2012 жылғы қараша

Талап етілмейді

2.

Жоспардың 1-тармағында көрсетілген заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданған жағдайда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттық ветеринарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша құжаттық бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындау

Заң жобасы және заңға тәуелді актілердің жобалары

ҚР Қаржымині, ҚР АШМ, ҚР ЭДСМ, ҚР Әділетмині

2012 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

      Ескертпе:
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ҚР ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      ҚР Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҚР Қаржымині КБК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
      НҚА – нормативтік-құқықтық актілер
      ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады