Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржылық қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 15 қазандағы № 199-ө Өкімі

      Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан оларға тексеру жүргізу және оның қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов                 - Қазақстан Республикасы
Қайрат Нематұлы              Премьер-Министрінің орынбасары,
                             жетекші

Досаев                     - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы          даму және сауда министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы            министрі, жетекшінің орынбасары

Ахметжанов                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Саян Қылышұлы                қызмет істері агенттігі төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Темірболатов               - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серік Ғабдоллаұлы            қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                             қарсы күрес агенттігінің (Қаржы
                             полициясы) Аппарат басшысы (келісім
                             бойынша)

Громов                     - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сергей Николаевич            министрінің орынбасары

Әбілқасымова               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Мәдина Ерасылқызы            даму және сауда вице-министрі

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы            министрлігінің жауапты хатшысы

Дәленов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы            вице-министрі

Дүйсенова                  - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Тамара Босымбекқызы          халықты әлеуметтік қорғау
                             министрлігінің жауапты хатшысы

Қасымбек                   - Қазақстан Республикасы Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы              коммуникация министрлігінің жауапты
                             хатшысы

Күреңбеков                 - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы             вице-министрі

Құрманғалиева              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Аида Дәденқызы               сақтау вице-министрі

Қырықбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы             ақпарат вице-министрі

Рау                        - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович             және жаңа технологиялар бірінші
                             вице-министрі

Сафинов                    - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Қанатбек Бейсенбекұлы        министрлігінің жауапты хатшысы

Өмірияев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы              шаруашылығы вице-министрі

Шаяхметов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы                ғылым вице-министрі

Әбді                       - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Нұрлан Әбітқанұлы            қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                             агенттік) жауапты хатшысы

Дембай                     - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Салауат Махамбетұлы          тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
                             істері агенттігінің жауапты хатшысы

Дүйсебаев                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Асылбек Жексенбайұлы         монополияларды реттеу агенттігі
                             төрағасының орынбасары

Молдабеков                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы         агенттігі төрағасының орынбасары

Пірметов                   - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Әлішер Хабиболлаұлы          шынықтыру істері агенттігінің жауапты
                             хатшысы
      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде мемлекеттік және салалық бағдарламаларға тексеру жүргізсін, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржылық қамтамасыз ету тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                 С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады