Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Владимирович Мясниковичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 208-ө Өкімі

      Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Владимирович Мясниковичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 8-11 қараша кезеңінде Астана қаласында және Қарағанды облысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Владимирович Мясниковичтің Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге қатысты шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ресми және/немесе бейресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Беларусь Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қарағанды облысының әкімдігі Беларусь Республикасының ресми делегациясын Қарағанды облысының баратын орындарға бірге жүруді, түскі асты және мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қалаcының әуежайында Беларусь Республикасының Премьер-Министрін қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 208-ө өкіміне    
қосымша        

Беларусь Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне
қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Беларусь Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Беларусь Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана қаласында Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар, соның ішінде бейресми) ұйымдастыру.
      5. Делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегацияның басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін тұлғаларға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақүйінде екіжақты кездесулер өткізу үшін залдарды жалға алу ақысын төлеуді қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады