Ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды және мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 239-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 365 қаулысымен.

      1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды және мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік кәсіпорындардың есептерін тыңдау кестесі бекітілсін.
      3. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды және мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 239-ө өкімімен     
бекітілген         

Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және мемлекеттік кәсіпорындардың есептерін
тыңдау кестесі

Р/с

Тыңдауды өткізу күні

Мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания

1.

2013 жылғы 26 ақпан

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2.

2013 жылғы 27 ақпан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша)

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

3.

2013 жылғы 28 ақпан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

4.

2013 жылғы 1 наурыз

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

5.

2013 жылғы 2 наурыз

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

6.

2013 жылғы 5 наурыз

Алматы облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

7.

2013 жылғы 6 наурыз

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі

Қарағанды облысының әкімдігі

Қостанай облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі

8.

2013 жылғы 7 наурыз

Ақмола облысының әкімдігі

Астана қаласының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 239-ө өкіміне     
қосымша          

Ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды және мемлекеттік
кәсіпорындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін
жұмыс тобының құрамы

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Ескендіров
Абай Мұқашұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Қалиева
Динара Әміржанқызы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

_

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Теңгебаев
Ардақ Мырзабайұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Шаяхметов
Саят Болатұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Мәтішев
Әлиәкпар Болатұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары

Рахметов
Нұрлан Құсайынұлы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – басқарма мүшесі (келісім бойынша)

Қанатбеков
Ғалымжан Ыдырысұлы

«Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады