"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 7 ақпандағы 19-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 7 ақпандағы
№ 19-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2013 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар

Әзірлеу және Үкіметке енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

2013 жылғы
ақпан

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

2013 жылғы
ақпан

3.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

2013 жылғы
ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады