Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын салуда инновациялық материалдарды енгізу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 54-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын салуда
инновациялық материалдарды енгізу мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сағынтаев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы         бірінші орынбасары – Қазақстан
                          Республикасының Өңірлік даму министрі,
                          жетекші

Скляр                   - Қазақстан Республикасының Көлік және
Роман Васильевич          коммуникация вице-министрі, жетекшінің
                          орынбасары

Айтбаев                 - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болатбек Қабыланбекұлы    коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары
                          комитетінің ғылым және жұмыс сапасы
                          басқармасының бастығы, хатшы

Өмірзақов               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Тұрсынбек Қазенұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Оразов                  - Қазақстан Республикасының Парламенті
Самиғолла Хамзаұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Төлеушин                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Қаныш Аманбайұлы          жаңа технологиялар вице-министрі

Аблалиев                - Қазақстан Республикасы Көлік және
Сәтжан Әйтенұлы           коммуникация министрлігінің Автомобиль
                          жолдары комитеті төрағасының орынбасары

Иманазиев               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Арыстан Кенжесұлы         министрлігі Ғылым комитетінің бас сарапшысы

Манқараев               - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Жәнібек Зәкірұлы          министрлігі Құрылыс және тұрғын
                          үй-коммуналдық шаруашылық істері
                          комитетінің құрылыс және тұрғын
                          үй-коммуналдық шаруашылығындағы жаңа
                          технологиялар басқармасының бастығы

Жауыртаева              - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Тұрсынай Ишанбекқызы      министрлігі Құрылыс және тұрғын
                          үй-коммуналдық шаруашылық істері
                          комитетінің ғылыми-техникалық жұмыстар
                          басқармасының бас сарапшысы

Әлімбаев                - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Нұржан Нұрмағанбетұлы

Алдашев                 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Сүйіндік Тасеменұлы

Тәкешев                 - Атырау облысы жолаушылар көлігі және
Аманжан Әділханұлы        автомобиль жолдары басқармасының бастығы

Самұратов               - Алматы облысы жолаушылар көлігі және
Серік Зейноллаұлы         автомобиль жолдары басқармасы бастығының
                          орынбасары

Жұмаділов               - Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі
Нұржан Сайлаубекұлы       және автомобиль жолдары басқармасы
                          бастығының орынбасары

Мырзаханов              - Алматы қаласы автомобиль жолдары басқармасы
Ғани Әуезханұлы           бастығының орынбасары

Телтаев                 - «ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамының
Бағдат Бұрханбайұлы       президенті (келісім бойынша)

Нәдіров                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік
Нәдір Кәрімұлы            академиясының бірінші вице-президенті
                          (келісім бойынша)

Бекболатов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік
Шамиль Хайруллұлы         академиясының академигі (келісім бойынша)

Қабашев                 - «Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ
Рахымжан Әбілқасымұлы     автомобиль-жол академиясы» коммерциялық
                          емес ұйымының ректоры (келісім бойынша)

Асматулаев              - «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау
Борис Айсаевич            институты «Дортранс» жауапкершілігі
                          шектеулі серіктестігінің бас директоры
                          (келісім бойынша)

Сариев                  - «Eurasia roads» корпорациясының бас
Бауыржан Нәбижанұлы       директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын салуда инновациялық материалдарды енгізу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады