2013 жылғы 22 – 24 мамырда Астана қаласында Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны дайындау және өткiзу мақсатында:
1. Мынадай құрамда ұйымдастыру комитеті құрылсын:
Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы орынбасары, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Бақыт Тұрлыханұлы Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары
(келісім бойынша)
Нөгербеков - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Серік Нөгербекұлы депутаты (келісім бойынша)
Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий төрағасы (келісім бойынша)
Александрович
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгінің
Наталья Артемовна жауапты хатшысы
Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Мұқанов - «Экономикалық зерттеулер институты»
Мақсат Нұрдәулетұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша)
Қарымсақов - «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы»
Мұрат Ратұлы қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымы атқарушы
органының төрағасы (келісім бойынша)
2. Ұйымдастыру комитеті 2013 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияны дайындау және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С.Ахметов