"Мекенжай тіркелімі" мемлекеттік деректер қорын интеграциялау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 65-ө өкімі

      «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Смайылов                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы             агенттігінің төрағасы, жетекші

Сәрсенов                  - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Сәкен Сейітжаппарұлы        коммуникация вице-министрі, жетекшінің
                            орынбасары

Ашуев                     - Қазақстан Республикасы Статистика
Айдын Жұмабекұлы            агенттігі төрағасының орынбасары,
                            жетекшінің орынбасары

Қонашев                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Арман Өтемісұлы             агенттігі Жіктелімдер және ақпараттық
                            технологиялар департаменті директорының
                            орынбасары, хатшы

Кұрманғалиева             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Аида Дәденқызы              әлеуметтiк қорғау министрлігінің жауапты
                            хатшысы

Төкежанов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Болат Тұрғанұлы             сақтау вице-министрі

Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы               ғылым вице-министрі

Тұрғымбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы           министрінің орынбасары

Әбішев                    - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бақыт Шалқарұлы             Тіркеу қызметі және құқықтық көмек
                            көрсету комитетінің төрағасы

Чиканаев                  - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Қазбек Шәймерденұлы         министрлігінің Жер ресурстарын басқару
                            комитеті төрағасының орынбасары

Керімханова               - Қазақстан Республикасы Статистика
Гүлнәр Мамырбайқызы         агенттігі Тіркелімдер және жарияланымдар
                            департаментінің директоры

Елеусізова                - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Құралай Болатқызы           коммуникация министрлігінің Ақпараттық
                            технологиялар саласындағы мемлекеттік
                            саясат департаментінің директоры

Оспанов                   - «Қазақстан Республикасы Еңбек және
Ербол Дүйсебайұлы           халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің
                            Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
                            орталығы» республикалық мемлекеттiк
                            қазыналық кәсiпорны бас директорының
                            орынбасары

Байжанова                 - Қазақстан Республикасы Әділет
Айгүл Серікқызы             министрлігінің Тіркеу қызметі және
                            құқықтық көмек көрсету комитеті
                            Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мен
                            техникалық түгендеуді бақылау
                            басқармасының бас сарапшысы

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Мекенжай  тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын басқа мемлекеттік органдардың  ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін.

      Премьер-Министр                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады