2013 жылы Астана қаласында Орталық Азия өңiрлiк экономикалық ынтымақтастығының 12-ші министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 69-ө өкімі

      2013 жылы қазанда Астана қаласында Орталық Азия өңiрлiк экономикалық ынтымақтастығының 12-ші министрлік конференциясын сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы қазанда Астана қаласында Орталық Азия өңiрлiк экономикалық ынтымақтастығының 12-ші министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 69-ө өкімімен   
бекітілген     

2013 жылы Астана қаласында Орталық Азия өңiрлiк экономикалық ынтымақтастығының 12-ші министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 
 

Р/с №

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1

Сауда саясаты жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

маусым

ЭБЖМ, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

2

Көлік секторы жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

маусымның бірінші онкүндігі

ККМ, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

3

Жоғары лауазымды ресми тұлғалардың аралық отырысы

маусымның үшінші онкүндігі

ЭБЖМ, ККМ, ИЖТМ, Қаржыминінің КБК, Алматы қаласының әкімдігі, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

4

Көлік секторы жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

қыркүйек

ККМ, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

5

Энергетика секторы жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

қыркүйектің бірінші онкүндігі

ИЖТМ

6

Кедендік ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

қыркүйектің екінші онкүндігі

Қаржыминінің КБК, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

7

Сауда саясаты жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы

қазанның үшінші онкүндігі

ЭБЖМ, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

8

Жоғары лауазымды ресми тұлғалардың жылдық отырысы

қазанның үшінші онкүндігі

ЭБЖМ, ККМ, ИЖТМ, Қаржыминінің КБК, СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

9

ОАӨЭЫ 12-ші министрлік конференциясы

қазанның үшінші онкүндігі

ЭБЖМ, ККМ, ИЖТМ, Қаржыминінің КБК, СІМ, Астана қаласының әкімдігі, ОАӨЭЫ хатшылығы (келісім бойынша)

10

ОАӨЭЫ 12-ші министрлік конференциясын өткізу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну

желтоқсан

ЭБЖМ (жинақтау), ИЖТМ, Алматы қаласының әкімдігі, ККМ, СІМ, Қаржыминінің КБК, Астана қаласының әкімдігі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Қаржыминінің КБК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
ОАӨЭЫ хатшылығы – Орталық Азия өңiрлiк экономикалық ынтымақтастығының хатшылығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады