Румынияның Премьер-Министрі В. Понтаның Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 102-ө өкімі

      Румынияның Премьер-Министрі В. Понтаның 2013 жылғы 27 – 28 маусым кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+7» форматы бойынша Румынияның ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Румынияның ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Румынияның Премьер-Министрі В. Понтаның арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) әуежайда арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан Румынияның Премьер-Министрі В. Понтаның құрметіне өткізілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны дайындау) қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Румынияның ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Румынияның Премьер-Министрі В. Понтаны қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Румынияның ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу барысында тиісті жәрдем көрсетсін.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 3 шілдедегі
      № 102-ө өкіміне  
қосымша     

Румыния ресми делегациясының мүшелерін қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Румыния ресми делегациясының мүшелерін (1+7 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Румынияның ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
      4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан Румыния Премьер-Министрінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Румыния ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Техникалық қамтамасыз ету, іс-шаралар өтетін орындарды тақырыптық және гүлмен безендіру.
      7. Румыния ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Румыния ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласында қабылдаулар мен екіжақты келіссөздер өткізу орындарында залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады