Химия саласы үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Жұмағұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, жетекші |
Рау |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Мұйтұнова |
- |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Қалдыбатыр |
- |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры |
Орынханов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Пирогов |
- |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры (келісім бойынша) |
Сәдуақасова |
- |
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы (келісім бойынша). |
2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде химия саласы үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Премьер-Министр С. Ахметов