«Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2013 жылға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.»;
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2013 жылға арналған кешенді жоспарында:
4-бағанда:
реттік нөмiрлерi 2, 3, 4, 7, 20, 22, 27, 28-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«ӨДМ-ге ақпарат»;
реттік нөмiрлерi 12, 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат»;
реттік нөмiрлерi 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ-ге ақпарат»;
реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ-ге ақпарат»;
5-бағанда:
реттік нөмiрлерi 1, 5, 10, 11, 14-жолдардағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмiрлерi 10, 11-жолдардағы «ҚТҮКШІА» деген аббревиатура алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 12-жолдағы «ЖРА» деген аббревиатура алынып тасталсын;
реттік нөмiрлерi 12, 13-жолдардағы «ҚТҮКШІА» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыминi, ККМ, халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдар»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
мына:
«ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі»
«ЖРА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» деген жолдар алынып тасталсын;
«ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі».
Премьер-Министр С. Ахметов