Қазақстан Республикасында үкімет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 153-ө өкімі

      Еуразиялық экономикалық кеңістікте интеграциялық процестерді дамыту және 2013 жылғы 24 – 26 қыркүйек кезеңінде Астана қаласында үкімет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын (бұдан әрі – ЖЕЭК отырысы) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын және шетел делегацияларын протоколдық алып жүруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, анықтамалық-талдамалық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сөз сөйлеуіне материалдар әзірлеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) жоғары деңгейдегі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне «1+5» форматы және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасына «1» форматы бойынша қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен ЖЕЭК отырысын өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісім бойынша үкімет басшыларының қатысуымен баспасөз конференцияларын, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, жалпы фотоға түсіруді, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ЖЕЭК отырысына қатысушы үкімет басшыларының құрметіне қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) өткізуді;
      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан ЖЕЭК отырысына қатысушы үкімет басшыларының құрметіне өткізілетін қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыспен, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны ресімдеу) қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ресми арнайы делегациялар ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды;
      3) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп ЖЕЭК отырысын жария етуге қатысатын қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз орталығын техникалық жабдықтауды (ұйымдастыру техникасын орнату, телевизиялық және аудио тарату кәбілдерін өткізу, қалааралық және халықаралық байланысқа шығатын телефон аппараттары, факс аппараттары, компьютерлік және көшірме техника, шығыс материалдары, Интернет, оның ішінде сымсыз Wi-Fi, баспасөз орталығы орналасқан ауданда ұялы байланыс сигналын күшейту).
      6. Астана қаласының әкімдігі:
      1) Астана қаласының әуежайында ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін қарсы алу және шығарып салу бойынша ұйымдастыру іс- шараларын орындауды;
      2) әуежайды, көшелерді және тұратын орындарды ресімдеуді;
      3) мәдени бағдарламаны ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі іс-шаралар өткізілетін орындарда күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi (келiсiм бойынша) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерін Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезiнде тиiстi жәрдем көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2013 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 153-ө өкіміне     
қосымша        

Үкімет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысушы үкімет басшыларының және олармен бірге жүретін адамдарға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Ресми делегация басшылары мен мүшелерін «1+5» форматы бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын «1» форматы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақ үйлеріне орналастыру.
      2. Баспа өнiмдерін (бейдждер, бағдарламалар, автокөліктерге арналған арнайы кіру рұқсаттары, куверттік карталар, қабылдауға шақыру хаттары) әзірлеу.
      3. Үкімет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (одан әрі – ЖЕЭК) отырысына қатысатын ресми делегацияларды Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын және гүлдермен безендіруді ұйымдастыру.
      4. ЖЕЭК отырысына қатысушы үкімет басшыларының құрметіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан қабылдаулар (таңғы астар, түскі астар, кешкі астар), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Іс-шаралар өткізілетін орындарды техникалық қамтамасыз ету, тақырыптық және гүлмен безендіру.
      6. ЖЕЭК отырысына қатысушы үкімет басшылары үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      7. Ресми делегациялар басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Ресми делегациялар басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. ЖЕЭК отырысын өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады