Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салықтық бақылауды жетілдіру және Америка Құрама Штаттарының шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы Заңын енгізу жөніндегі келісімнің шеңберінде Қазақстан тарапының міндеттемелерін орындаудың бірінші кезектегі шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 35-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салықтық бақылауды жетілдіру және Америка Құрама Штаттарының шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы Заңын енгізу жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – Келісім) шеңберінде Қазақстан тарапының міндеттемелерін орындаудың бірінші кезектегі шаралары бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, басшы;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, басшының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті Инвестициялық саясат басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі салық саясаты басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік департаменті басқарма бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік департаментінің басқарма кеңесшісі (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі салық саясаты басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Мемлекеттік органдармен жұмысты үйлестіру департаментінің экономикалық мәселелерді үйлестіру басқармасы бастығының міндетін атқарушысы (келісім бойынша);

      "АТФ банк" акционерлік қоғамының Комплаенс-бақылау департаментінің директоры – басқарушы директор (келісім бойынша);

      "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының Комплаенс-бақылау департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының Бас операциялық басқару департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Цеснабанк" акционерлік қоғамының Қаржылық мониторинг департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Еуразиялық Банк" акционерлік қоғамының Комплаенс қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша);

      "Ситибанк Казахстан" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары, комплаенс-бақылаушы (келісім бойынша);

      Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша);

      "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының "Compliance Division" басқармасының бастығы (келісім бойынша);

      "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы (келісім бойынша);

      "Kaspi bank" акционерлік қоғамының қаржылық мониторинг және валюталық бақылау басқармасының бастығы (келісім бойынша);

      "ВТБ Казахстан" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы комплаенс-бақылау және қаржылық мониторинг басқармасының бастығы (келісім бойынша);

      "Альянс банк" акционерлік қоғамының комплаенс-бақылау қызметінің басшысы – жетекші банкир (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде Келісім шеңберінде Қазақстан тарапының міндеттемелерін орындаудың бірінші кезектегі шаралары жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады