"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 112-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 97-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 112-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және "Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

2015 жылғы қазан

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзілімін бекіту туралы

бұйрықтар

ДСӘДМ-мен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар

2015 жылғы қараша

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСӘДМ – Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі".

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады